«ҚТЖ 100 жаңа есім» жобасының қатысушылары астанада бас қосты

Жаңалықтар
24.06.2022, 10:24
©Rail-news.kz
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның қабілетті жастарынан іріктеп алынған «ҚТЖ – 100 жас есім» жобасының аясында оқыту шаралары биыл пандемиядан кейін алғаш рет оффлайн жалғасын тапты. Жастар 22-24 маусым аралығында елорда төрінде бас қосып, үш күндік оқу тренингіне қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Компанияның темір жол көлігі персоналын дамыту және бағалау орталығындағы дәрістің алғашқы күнін «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев сөз сөйлеп ашты.  

– Бүкіл қоғам сіздерге ҚТЖ-ның жас элитасы ретінде қарайды, осы құрамдағы жас теміржолшылар біздің компанияның «брендіне» айналуы тиіс. Сіздердің әрқайсыңызға осы жоба аясында айрықша мүмкіндіктер беріліп отыр, бұл сіздер үшін өндірістік трамплин деуге болады. Тұлға ретінде өсу үшін әрине әр адам ең алдымен өзімен жұмыс жүргізуі керек, яғни білім жетілдіру, түрлі машықтарды меңгеру қажет. Осы тұрғыда ҚТЖ ұсынып отырған жастардың білімін дамыту бағдарламасының берері мол, осы мүмкіндікті барынша пайдаланып, оны компаниядағы тиімді еңбек өндірісін дамытуға қолдана біліңіздер, – деді бас инженер. 

Тайминг барысында жас теміржолшылардың жан жақты дамуы үшін спикер ретінде шақырылған қонақ – шоумен, продюсер Азат Әбікен де жастарға мотивациялық бағытта әңгіме айтып, түрлі жобаларды жүзеге асырудағы кедергілерді қалай жою керектігі туралы кеңес берді. 

2020 жылы бағдарлама жеке кәсіби тиімділікті қалыптастыруға бағытталса, 2021 жылғы бағыты – ішкі тренерлер дайындауға негізделді, ал биылғы ерекшелігі – жобалық басқару, үнемді өндіріс құру мәдениетін қалыптастыру болып отыр. Компанияның адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Замир Серіковтің айтуынша, оқыту жобасы басталған екі жылда қатысушылар арасынан 21 жаңа ішкі тренер дайындалса, 61 жас қызмет баспалдағымен өсіп, биыл тағы 5 адамның лауазымы көтерілген. Құрылымдық бөлімше басшыларының 91,5 пайызы жоба қатысушылары өз құзіретін арттырды деп есептейді. 

- Жобадағы жастардың 30 пайызы ағылшын тілінен деңгейін көтерді. Барлық жастар «2020 Қайырымды іс», «Корпоративтік блогер мектебі» жобаларына қатысты. Былтыр «Жолаушылар тасымалы» АҚ 100 жас есім» жобасы іске қосылды, – деді З. Серіков. 

Бағдарламаның бірінші күніндегі шаралар «Эко тренинг» тимбилдингімен жалғасты. 4 кезеңнен тұрған шарада қатысушылар лабиринттен шығу, әлем картасын құрастыру, жұмбақ шешу т.т тапсырмаларды орындады. Екінші күні «Тұрақты даму», «Үнемді өндіріс», «Жобаны жүзеге асыруда жобалық басқару машықтары» семинарлары өткізіліп, оған тренер ретінде Наталья Кузетова, Гүлмира Мұқанова, Аделина Черкасская қатысты. Үшінші күні компанияның HR Академиясының қорытынды «HR ALANY» модулі ұйымдастырылды. Компанияның аппарат басшысы Серік Кеулімжаев, «Заманауи әлемдегі HR» панельдік сессиясында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Эльмира Каримова, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Шолпан Омарбекова жастарға бағыт-бағдар беріп сөз сөйледі. 

TED TALKS сессиясында қатысушылар жеке бас тарихын баяндады. Бұл сессияда Ақмола ЖТ бөлімшесі жоспарлау-экономикалық бөлімі бастығының орынбасары Людмила Коба, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас менеджері Алтынай Қосақова, «Теміржолсу» АҚ HR және қамтамасыз ету департаментінің бас менеджері Зара Дүйсенғалиева, Көп функционалды қызмет көрсету орталы филиалының бас менеджері Майраш Еділова, «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК» АҚ адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Назира Шегенбаева тағы басқаларға сөз берілді. 

Ал «Жанды кітапхана» сессиясында қатысушылар өзара тәжірибесімен бөлісті. Бұл бөлімде «Тиімділікті басқару», «HR талдау», «Ішкі коммуникациялар», «Эмоциноналды интелект», «Тәлімгерлікті дамыту бойынша жоба» тақырыптарында қатысушылар жұмыстарына ерекше назар аударылды. Іс-шара соңында «Жас Өркен» бағдарламасының тәлімгерлері мен үздік HR мамандары арнайы сертификаттармен марапатталды.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады