Медпойыздар еліміздің 147 станцияны аралайды

Жаңалықтар
01.07.2022, 11:23

«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінде Қор атынан қайырымдылық қызметін жүргізетін ірі донор «Samruk-Kazyna Trust» қоры мен «ҚТЖ»ҰК» АҚ бірлесе жүргізіп жатқан жобалар сөз болды.

Соның ішінде, «Samruk-Kazyna Trust» қоры «Қазақстан темір жолы» компаниясындағы Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры арқылы ағымдағы жылы «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздарының іске қосылуына себепші болып отырғаны айтылды. Бұл жоба – еліміздің шалғай аудандары тұрғындарына білікті медициналық көмек көрсетуді мақсат ететін бірегей жоба ретінде танылған. 

«Қордың 2022 жылға арналған Қайырымдылық бағдарламасы 10 миллиард теңгені құрайды. Оның ішінде бүгінде 4,18 млрд теңгенің 14 жобасы мақұлданды. Әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға өтінімдер «Samruk- Kazyna Trust» сайтында орналастырылған қайырымдылық көмек көрсету ережесіне сәйкес үкіметтік емес ұйымдардан қабылданады. Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» кәсіпорындары бар өңірлерде өзіміз жобаларды жүзеге асыруға бастама көтере аламыз», – деді есептік сөзінде «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева.

Доңғалақ үстіндегі емханалардың жұмысы жалпы алғанда, шалғайда орналасқан 147 станцияны қамтымақ. «Жәрдем» 23 мамырдан 6 қарашаға дейін 80 станцияны, ал «Саламатты Қазақстан» 20 маусымнан 2 қарашаға дейін 67 станцияны араламақ. Пойыздар жалпы саны 60 000 адамды қамтып, дәрігердің қабылдауына келу саны 100 000, диагностикалық емшара саны 18 000, шағын хирургиялық операция саны 1200 болса, 8000 пациентке стоматологиялық көмек көрсетіледі деп күтіліп отыр. 

Атап өтерлік жайт, медициналық пойыздар бүкіл Қазақстанды аралайды: «Жәрдем» – Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстарына; «Саламатты Қазақстан» Алматы, Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Қарағанды, Ұлытау облыстарына барады. 

Медициналық персоналдың құрамында әртүрлі бейіндегі білікті мамандар: терапевт, педиатр, кардиолог, невропатолог, офтальмолог, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, рентгенолог, кардиолог, УДЗ дәрігері, эндоскопист, функционалдық диагностика дәрігері және стоматолог бар. Биыл білікті мамандардың қатары психолог және тері аурулары дәрігерлерімен толықты. 

Медициналық жабдықтар – жапон және неміс технологиясының өнімі: аппаратура қажет болған жағдайда кеңейтілген жалпы және биохимиялық талдаулар, рентгенография мен флюрография, ішкі ағзалар мен тамырлардың УДЗ-зерттеулерін, электрокардиограмма, гастрофиброскопия және диагностикалық зерттеулердің басқа да түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, биыл тіс емдеу құрылғылары жаңартылған. 

Қысқасы, тараптар қолға алып отырған жобалар бұқара халыққа қызмет ететін болады дейді Қоғамдық кеңесте есеп берген Қор басшылығы.

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды