Қажымұрат Нағманов өмірден өтті

Жаңалықтар
05.07.2022, 14:03

2022 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасының бұрынғы Көлік және коммуникация министрі, «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ вице-президенті Қажымұрат Ыбырайұлы Нағманов өмірден өтті. 

Қазақстанның көлік саласын дамытуға елеулі үлес қосқан тұлға еңбек жолын 1971 жылы Ленинград теміржол көлігі инженерлері институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітіріп, жол шебері болып бастаған. Қазақ темір жолының Бас инженері болып тағайындалғанға дейін саладағы барлық қызмет сатыларынан өткен. Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Көлік және байланыс бөлімінің нұсқаушысы, КАТЭП атом энергетикасы және өнеркәсібі кәсіпорындарының Қазақ мемлекеттік корпорациясының вице-президенті сынды мемлекеттік жауапты лауазымды қызметтерді атқарды. Жезқазған, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарын басқарды. 2002 жылы Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі болып тағайындалды. 2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болды. 2006-2008 жылдар аралығында «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ вице-президенті болып қызмет атқарды. 2014-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Автожол қауымдастығын басқарды. Ерен еңбегі мен жетістіктері үшін Қажымұрат Ыбырайұлы «Парасат» орденімен марапатталған. Қажымұрат Ыбырайұлы ашық та адал көзқарасы мен азаматтық ұстанымымен ерекшеленіп тұратын жауапкершілігі мол табанды жан ретінде көптің есінде қалды. Қай салада болсын өз ісіне деген жауапкершілігі пен табандылығы арқасында үлкен абырой мен беделге ие болды. Үлкен жүректі жаны жайсаң азамат, мемлекет қайраткері Қажымұрат Ыбырайұлы Нағмановтың қазасына орай туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Оның жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. 

«Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ басшылығы мен ұжымы және ардагерлер кеңесі

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды