Қытай инвесторларымен кездесті

Жаңалықтар
21.02.2017, 10:47
«ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясы  Шаңхай қаласына сапары барысында қытайлық серіктестер China Cosco Shipping пен «Ляньюньган порты БК» ЖШҚ компанияларының өкілдерімен кездесіп, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА жобасын бірлесіп жүзеге асырудың мерзімі мен тікелей инвестициялау жайын қарастырды. Келіссөз барысында «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА қатысушылары мен бірлескен кәсіпорынды дамытуға қытайдың жетекші компанияларын тарту мерзімі, инвестициясы жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді. China Cosco Shipping пен «Ляньюньган порты БК» ЖШҚ компаниялары қол қойған хаттамаға сәйкес, бірлескен кәсіпорынды 2017 жылғы 1 маусымға дейін инвестициялауды жүзеге асырады. Аталмыш шара Мемлекет басшысының инфрақұрылымдық маңызды жобаларды дамытуға трансқұрлықтық және әлемдік ірі шетел компанияларын тарту бойынша тапсырмасына орай атқарылуда. «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА дамыту жобасы Қазақстанның «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы және Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» жобасына сай маңызды мақсат болып табылады. «China Cosco Shipping» компаниясы құрамында 1100 жүк кемесі (жалпы сыйымдылығы 85 млн. тонна) флоты бар контейнермен тасымалдау көлемі бойынша әлемде төртінші орынға ие алып кәсіпорын. Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА жобасына China Cosco Shipping пен Ляньюньган портының қатысуы оның Азия мен Еуропа бағдарындағы ғаламдық көліктік-логистикалық ағынға ықпалдасып, жедел дамуына серпін береді.

Ислам ТАЛҒАТ

Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі