Көлік-транзит әлеуетін арттыру – уақыт талабы

Жаңалықтар
15.07.2022, 09:45
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстанның бүгінгі көлік-транзиттік әлеуеті қай деңгейде? Алдағы уақытта бұл сала қалай дамымақ? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен арнайы брифингте осы тақырып сөз болды. Жиынға ҚР ИИДМ Көлік комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Қасым Тілепов пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов, сарапшы ретінде «Транскаспий халықаралық көлік бағдары» Халықаралық қауымдастығы» ЗТБ Бас хатшысы Гайдар Әбдікерімов қатысты.

Алдымен сөз алған Қасым Тілепов Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі көлік-логистикалық хабқа айналуға мүмкіндігі зор екенін жеткізді. Ол үшін бүкіл алғышарттар бар көлік инфрақұрылымы салынған. Қазір сол әлеуетті кеңейту керек. Сонымен қатар ол Қазақстан Каспийге PC International, Maersk, MSC, COSCO Shipping сияқты операторларды тартатынын да атап өтті. Каспий арқылы тасымалданатын құрғақ жүктің көлемі артатыны ескеріліп, Қазақстан арнайы контейнер хабын салып, оған әлемдегі ірі контейнер операторлары қызмет көрсетуі мүмкін.

Сонымен қатар елімізде құрғақ жүк таситын паромдардың санын 10-ға жеткізуді жоспарланып отыр. Қазіргі таңда Ақтау портындағы инфрақұрылымның өткізу қабілеті 21 млн тоннадай. Бұл бағытта жүктің кез келген түрін тасымалдауға болады. Жүк тасымалындағы Иран бағытының да әлеуетін арттыру қажет.

– Қазіргі таңда Иран бағытының әлеуетін небәрі 19 пайыз көлемінде ғана пайдаланып отырмыз. Аталған бағдарды пайдалануда мүмкіндік мол. Бұл біздің Парсы шығанағына шығуымызға мүмкіндік беріп, ол арқылы Үндістанға, одан әрі ашық теңіз жолдарымен Еуропа нарығына өтуге болады, – деді Қ.Тілепов.

ҚТЖ ЖОСПАРЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР

Ұлттық компания басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетовтің айтуынша, «Достық-Мойынты» теміржол дәлізін жаңғырту жобасы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына енгізілген. Оны іске асыру жүктерді тасымалдау жылдамдығын және Қытай – Еуропа – Қытай транзиттік дәлізі бойынша теміржол инфрақұрылымының өткізу қабілетін бес есеге арттырады.

Ресей мен Қытай арасындағы транзитті экспорттық тасымалдарды дамыту үшін Достық – Мойынты учаскесінің екінші жолының құрылысы жоспарланып отыр. Сондай-ақ Алматыны сырттай өтетін айналма жол құрылысын салу көзделген. Бұл Алматы торабына түсетін жүктемені орта есеппен 30%-ға жеңілдетуге мүмкіндік береді. Оған қоса, Бақты – Аягөз темір жол учаскесі мен Қытаймен үшінші шекара өткелінің құрылысы да қарастырылып жатыр. ҚТЖ компаниясы қазіргі таңда ресейлік және қытайлық әріптестерімен осы жобаларды іске асыру бойынша келіссөздер жүргізуде. Орталық Азияға қатысты бүгінгі таңда Сарыағаш станциясы толықтай қуатына ие, резервтер шамамен 1 млн тоннаны құрайды. Осыған байланысты Дарбаза – Мақтаарал темір жолының құрылысы жоспарланған.

– «Дарбаза – Мақтаарал» желісі Сарыағаш мемлекетаралық түйісу пункті мен Ташкент торабында инфрақұрылымдық шектеулерді «кестелеуге» мүмкіндік береді. Жетіген – Қазыбек Бек айналма жолы жүк ағынын қайта бағдарлау есебінен Алматы торабының жүктемесін кемітуді қамтамасыз етеді және жүктерді жеткізу уақытын айтарлықтай қысқартады, – деді Қ.Әлмағамбетов.

ЛОГИСТИКАЛЫҚ ИНДЕКСІ ӨСЕДІ

Ал «Транскаспий халықаралық көлік бағдары» Халықаралық қауымдастығы» ЗТБ бас хатшысы Гайдар Әбдікерімовтің айтуынша, ірі интеграцияланған көлік-логистикалық компания құру – бүгінгі уақыт талабы. Бастама жүзеге асырылса, Қазақстанның әлемдегі логистикалық индексі біршама өседі.

– Транскаспий халықаралық көлік дәлізі – 8 мемлекеттің аумағында 11 мың шақырымға созылған жол бағдары. Бұл жол Қытайдың шығыс жағалауында орналасқан Ляньюньган портынан басталып, Еуроодаққа дейін жетеді. Қытай, Қазақстан, Каспий теңізі, Әзірбайжан, Грузия, Түркия, Украина, Польша, Румыния секілді мемлекеттерді басып өтеді. Шығыс пен Батысты жалғайтын аса маңызды көлік дәлізі болып саналады. 2017 жылғы 30 қазанда жүктерді өткізу мақсатында Баку – Тбилиси – Карс теміржол телімі ашылды. Ол қазір аяқталуда. Одан басқа, 340 км аумақты қамтитын Зангезур жаңа көлік дәлізі салынады. Бұл да Қазақстанның жүк жөнелтушілері үшін тағы бір мүмкіндік. Бұдан басқа, Түркия мемлекетінде ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Осылайша, Қазақстан Еуроодақ елдеріне тікелей шығуға мүмкіндік алады, – деді Гайдар Әбдікерімов.

Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім