Қырағылық – кәсіби дағды

Жаңалықтар
21.02.2017, 11:23
Қызылорда вагон пайдалану депосының вагон қараушы-жөндеушісі Болатбек Күзебаев кәсіби дағдысына айналған қырағылығының арқасында көзге көрінер-көрінбес ақауды анықтап, тағы бір орын алуы ықтимал апаттың алдын алды. Бекетке 19:24 сағатта келіп тоқтаған жүк құрамына техникалық қызмет көрсету кезінде арбаның құйма бүйір рамасының ішкі жағынан ұзындығы 250 мм болатын жарықшақты  анықтап, кәсіби міндетіне адалдығын тағы бір дәлелдеген маман  қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуына өз үлесін қосты. Әрине,  жігіт ағасы үшін бұл тіпті де ерлік емес, әр вагоншының  кәсіби міндеті. Жылжымалы құрамның қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда  әр теміржолшы өз жұмысына осылай адалдық танытса, ақау-апат деген мүлде болмас па еді деген ой келеді… Ақпан айының ақ түтек боранды бір суық күні таңғы сағат тоғызда ауысымды қабылдап алған Қызылорда вагон пайдалану депосының вагон қараушы-жөндеушісі Болатбек Күзебаев он жылдан бергі дағдысы бойынша кәсіби міндетіне кірісіп кеткен. Станцияға тоқтаған жылжымалы құрамдарды «қауіпсіздік аралында» күтіп алып, құрамнан естілетін тосын дыбыс пен шайқатылып келетін вагондарды бір мезетте қарайтын үрдісімен Болатбек бұл күні де бар ынтасы мен зейінін  жұмысқа салған еді, тосын оқиғасыз түс ауды.  Жұмыс ырғағы бірқалыпты өтіп, кешкі ауысым тапсырар уақыт та таяған болатын. Міне, түтіні будақтап көрінген №2828 жүк құрамасын күтіп алуға шықты. Станцияның 7-жолына 19:24 сағатта келіп тоқтаған жүк құрамына техникалық қызмет көрсету бас жағынан екінші №53030391 ашық вагонға келгенде кідірді, бас қаруы қырағылыққа айналған кәнігі вагоншыға жүріс бағытынан бірінші арбаның құйма бүйір рамасының дыбысы күдікті көрінді, әлде интуиция ма, кім білсін, зер сала қараған ол, ішкі жағынан ұзындығы 250 мм болатын жарықты анықтайды. –Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап вагондардың бүйір рамасын тексеру айлығы қатаң режимде өткізіліп жатыр. Осы айлық нәтижесінде ұжымдағы вагон қараушылармен арнайы пысықтау сабақтары тұрақты өткізіліп, олардың шеберлігін, қырағылығын шыңдау жолдары қарастырылуда, ауысым алды технұсқамалар тәжірибелі мамандар тарапынан қосымша өткізілуде. Болатбек Күзембаев өз кәсіби міндетін адал атқара білді, вагон қараушының көзге көрінбейтін ақауды анықтауы – оның кәсіби шеберлігінің көрінісі деп білеміз және ол мараптқа лайық, – дейді бұл жөнінде пікір білдірген Қызылорда ТҚКҚ бастығы Рүстем Ұзақбаев. Ал ақауды анықтаған вагон қараушы-жөндеуші болса: «Бекетке кешкі жетіден өте келген жүк құрамасындағы №53030391 жартылай вагонның 5 таңбасымен бедерленген №494 құйма бүйір рамасының ішкі жағына үңілгенімде, көзіме бір нәрсе шалынғандай  болды. Қол шамды көзім ілінген нәрсеге бағыттап анықтап тағы қарап, жалаң қолмен сипап көрдім, негізі тексеріс кезінде оң қолымыз доңғалақ жұптарынан бөлінер жылуды сезіну үшін көбіне жалаң жүреді. Көзім алдамаған екен. Жалаң қолға темір сызаты анық сезілді. Өзіме сенімді болу үшін астыңқы жағынан қол шаммен қарағанымда жарық сәулесі бергі бетіне өтті. Енді еш талас жоқ – бұл қауіпті жарық екенін білдім де, жалма-жан ауысымдағы аға вагон қараушы Құрманғазы Хизатовпен серіктесім әрі вагонды арғы бетінен қарап келе жатқан Асылбек Ережеповті рациямен шақырып, бәріміз ақауға қайталай көз жеткізіп барып, бастығымыз Рүстем Ұзақбаевқа, Шалқыма Мекебаевқа, ол өз кезегінде депо бастығы Арғын Орымбаевқа және тиісті инстанцияларды құлағдар еттік. Тиісінше вагон құрамнан ажыратылып, қажетті құжаттамалар жасалып жылжымалы құрамның кестеден кешікпей жөнелтілуіне жұмыс жасадық», – дейді.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі