Жаңасемей – жүк станциясы
Жаңалықтар
21.02.2017, 11:34
Жаңасемей станциясы – Семей қаласының ғана емес, күллі облыс бойынша өндірістік тұрғыдан аса маңызды саналатын өнеркәсіптік ауданда орын тепкен.
Биылғы жылы құрылғанына тоқсан жыл толатын станция өткен жылды нәтижелі қорытындылады. Үш бағытта қызмет көрсететін 1-ші класты станцияның жүгі жеңіл емес. Бөлімше бойынша жүк тиеу жұмыстарының басым бөлігі осы станцияда атқарылғандықтан, «жүк станциясы» аталуы орынды. Шаһардың сол жағалауында орналасқан «Жаңасемей шпал зауыты» АҚ, «Шығыс Қазақстан ұн-құрама жем комбинаты» АҚ, «Семей ет комбинаты» АҚ, «Семей цемент зауыты» АҚ сынды республика нарығында «алпауыт үлесі» бар алып компанияларға қызмет көрсететін «жүк станциясының» әлгі кәсіпорындардың бәріне апаратын кірме жолдары бар.
–Өткен жылы жүк тиеу жұмысы 1425565 тоннаға жетті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 74707 тоннаға артық көрсеткіш. Жоспарлы шаралар артығымен, межеден асыра орындалды. Сол тәрізді негізінен өнеркәсіп шикізаттарынан тұратын жүк түсіру жұмыстары да жыл сайын артып келеді. Алдыңғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1772 вагонға артық жүк түсірдік. Осынау бағыттағы жұмыстарды биыл ширата түсу көзделуде,– дейді Жаңасемей жүк станциясының бастығы Тілеуғали Ибраев.
Станциялықтар бұл жетістікке жылжымалы құрам қозғалысын жүйелі түрде реттеп, жұмыстың тиімділігін арттыру нәтижесінде қол жеткізіп отыр. Өндірістегі өнімділікке баса көңіл бөлгендіктен бұл тарапта қадау-қадау шаралар атқарылды. Мәселен, жүк вагондары паркінің жұмысы белгіленген нормативтен шегерілді. Яғни, тәулігіне 60 вагонға азайтылған. Соның есебінен жоспарлы шаралар еселеп, көрсеткіш әр вагон бойынша 3,28 тоннаға артыпты. Оның ішінде транзиттік вагондарды өңдеу 112,1, ал жергілікті вагондарды өңдеу ісі 113,6 пайызға жоғарылады. Жылдың төрт мезгілінде де жүк тиелімі ауқымды, бір сәтке де толас таппайтын станция үшін бұл жетістіктердің маңызы зор. Сондықтан да, биылғы жылы да жүк тиеу мен түсіру, жүк пойыздарын жолға әзірлеу бойынша жаңа техникалық үдерістер игілігіне ден қойылмақ.
Осынау қауырт жұмыстарға қарамастан өткен жылы Жаңасемей станциясы бойынша маневрлік қозғалыс, жүк пойыздарын жасақтау және тасымалданатын жүктер қауіпсіздігін сақтауда еңбек тәртібіне бірде-бір мәрте нұқсан келмепті.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі