Әке аманатын орындаған теміржолшы      

Жаңалықтар
06.06.2016, 11:09
  Кеңестік тоталитаризм үстемдік құрған өткен ғасырдың 30-шы жылдары қазақ халқы қынадай қырылып, ұлтымыздың оқыған, білімді, көзі ашық зиялы қауым өкілдерінің ғана емес, қарапайым шаруа, момын адамдардың да тағдыры тәлкекке түсті. Осы аласапыран дүрмекте теміржолшы, Астана Ірілендірілген жол дистанциясының диспетчері Азамат Маратұлы Базеновтың атасы Базен Махметовтың да репрессия тырнағына ілігіп, арты дерексіз кеткен еді.  «Халық жауының» баласы деген ат таңылған ұлы Марат саяси қуғын-сүргін құрбандары ақталғанға дейін қаншама жыл қиындық көрді. Былтыр дүние салған ол өле-өлгенше із-түссіз кеткен әкесі жайында қандай да бір ақпарат табу үшін жер-көкті шарлап іздеп, ештеңе таба  алмай, тауы шағылған екен. Күдерін үзбеген Марат әке іздеуді жалғастыра беруді балаларына аманаттап кеткен екен. Міне атасы Базен туралы немересі Азамат осы жылы мамыр айында тың деректердің көзін тапты. Бір көңіл толқытарлығы, бұл қайғылы болса да бір адамның тағдыры жайлы мәлімет 31 мамыр – Саяси қуғын сүргін  құрбандарын еске алу күні қарсаңында табылып отыр. Әкесінің өмір бойы қол жеткізе алмаған аманатын орындаған теміржолшы атасы жайлы ҚР ІІМ Ақпараттық-аналитикалық орталығы Арнайы мемлекеттік мұрағатынан тапқан құжаттармен оның өзімен жүздескендей сезімде қолдары дірілдей отырып танысыпты. Теміржолшыға берілген мұрағаттық анықтамада Шығыс Қазақстан облысы, Ертіс ауданында 1905 жылы дүниеге келген Базен атаны айыптау туралы мұрағаттық қылмыстық іс ҚР ІІМ Арнайы мемлекеттік мұрағатында жатқандығы туралы жазылған. Сол кездегі Сталин ауданы, Бестөбе кенорынында кеншілік кеңестің хатшысы, кәсіподақ мүшесі болған оның молда, байдың баласы, білімі орта екендігі, отбасылық жағдайы, яғни, әйелі Сара, 8 жасар қызы Шакен, 2 жастағы ұлы Марат жайлы, тұтқынға алынған кезде жеке үйінің болғандығы туралы анкеталық жазбалар бар. Сондай-ақ онда Базен Махметовке халық арасында контрреволюциялық ұлтшылдық бағытта үгіт жүргізіп, кен орнынан орыстарды қуып шығуға қазақтарды үгіттеді, табындарды жоюға шақырып, малды қасақана шығынға ұшыратты деп кінә артылғаны жазылыпты. Оны 1937 жылы 7 сәуірде Сталин аудандық ІІХК тұтқынға алады. Іс қағаздарында сол жылдың күзінде ол ату жазасына кесіліп, бар мүлкі тәркіленеді. Базин Махметовті тергеу хаттамасында оның әкесі екеуінің 1929 жылға дейін 2000 бас отары, жер телімі және жеке екі мешіттерінің болғандығы, сол себепті кулак ретінде қудаланып,  сотталып айдаудан қашып кеткені көрсетілген. Тергеу сұрақтары мен жауаптардың хаттамасында Базен Махметов жоғарыдағыдай өзіне артылған кінәнің бәрінің жалған екендігін айтады. Алайда басты мақсат елдің сүттің бетіне шыққан қаймақтарынан құтылу болғандықтан озбыр саясат Базен секілді көзі ашық қазақ азаматтарының сөзін қаперге де алмаған. Артында қалған жары мен балалары сол бір саяси қуғын сүргін зардабын өмір бойына өздерімен бірге арқалап кетті. –Біз бұған дейін атамызды іздегенде Махметов Базен деп іздеп келдік. Ал құжаттарда ол Базин деп жазылған екен. Әкемнің аманатының орындалғанына көзіме жас ала отырып қуандым. Тектілер тұқымынан шыққан ата-бабаларым туралы кешегі буын ештеңе айта алмаса, мен бүгінгі кезде олармен мақтанатынымды жеткізгім келеді. Ендігі мақсатым – атамның қайда жерленгенін анықтап, сақталса фотоларын алу. Сол үшін Ресей федерациялық қауіпсіздік қызметіне арыз жаздым. Бұл арызым да қанағаттандырылса, атамыздың басына барып зиярат етіп келу арманымыз, – дейді Азамат Базенов.

Райхан РАХМЕТОВА

Инфрақұрылым
25.05.2026
«Мойынты – Қызылжар» теміржол желісінің құрылысы тәулік бойы жүргізілуде
Жаңалықтар
25.05.2026
ҚТЖ теміржол желісін дамытып, жылжымалы құрамды жаңартып жатыр
Жаңалықтар
25.05.2026
ҚТЖ машинистері жыл басынан бері теміржол өткелдерінде 20 ЖКО алдын алды
Жолаушылар тасымалы
25.05.2026
Жазда пойызбен қайда баруға болады: Қазақстан бойынша танымал бағыттар
Жолаушылар тасымалы
25.05.2026
Биыл 28 мыңнан астам жолаушы «Күту парағы» арқылы билет рәсімдеді
Жаңалықтар
25.05.2026
Қазақстан Калифорнияда Транскаспий дәлізінің мүмкіндіктерін таныстырды
Әлемде
25.05.2026
Пәкістанда жолаушылар пойызы жарылып, 20 адам қаза тапты
Жаңалықтар
23.05.2026
ҚТЖ орталық аппараты қызметкерлеріне жолды жаңғыртудың заманауи технологиялары көрсетілді
Инфрақұрылым
23.05.2026
«Курорт-Бурабай» вокзалы маусым айында пайдалануға беріледі
Жаңалықтар
22.05.2026
Қазақстан мен Өзбекстан теміржолшылары тасымалдар мен порт инфрақұрылымын дамыту жайын талқылады
Жаңалықтар
22.05.2026
Қазақстан мен ЕО Транскаспий дәлізін дамыту мәселелерін талқылады
Жүк тасымалы
22.05.2026
Қытай мен Ауғанстан арасында Түрікменстан арқылы өтетін жаңа логистикалық бағыт іске қосылды
Аймақтар
22.05.2026
Семей теміржолында кешенді жұмыс қарқын алды
Аймақтар
22.05.2026
Жаз маусымына дайындық бағаланды
Аймақтар
22.05.2026
Ардагерлер кеңесі өтті
Инфрақұрылым
22.05.2026
Ақтөбе вокзалында жолаушыларға барлық жағдай жасалады
Аймақтар
22.05.2026
Ардагер Нұрғали Төлеповке ескерткіш тақта орнатылды
Жаңалықтар / Мұрағат
22.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №39 22 мамыр 2026 жыл
ҚТЖ келбеті
21.05.2026
Жол үстіндегі жиырма жыл
Әлемде
21.05.2026
Бішкектен Ыстықкөл жағалауына дейінгі пойыз маусым айында іске қосылады