Ең бағалы байлық

Жаңалықтар
21.02.2017, 12:45
Дегелең – Семей телімінің 270,2 шақырымында орналасқан 4 класты Шаған станциясы кеңес дәуірінде атом бомбасының сынағын жүргізетін әскерилер қалашығы болған деседі.  Іргедегі Семей ядролық полигоны жабылып, ел егемендік алған соң бұл елді мекен теміржолшылар кентіне айналды. Қазіргі күні мұнда тұратын жүзден аса отбасының дені  шойын жол саласында еңбек етеді.  Өткен ғасырдың 90-шы жылдары тұралап қалған елді мекенді теміржолшылар аяғынан тұрғызған. Қазіргі күні Шаған кентінің әлеуметтік ахуалын көтеріп тұрған сала темір жол десек қателеспейміз. Бұл пікірмен жергілікті атқарушы билік өкілдері де келіседі. Мәселен, кент әкімі Талғат Құмаровтың айтуынша, Ұлттық компанияның шарапаты аса мол болып тұр. Атап айтсақ, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығында  «20 жылға – 20 жарқын іс» акциясы аясында Ұлттық компания балалардың ойын алаңқайын салып беріп, орталық көшелерге жарық орнатыпты. Одан бергі бес жыл ішінде де теміржолшылар тарапынан көрсетіліп жатқан көмек аз емес. Бір ғана мысал, ауылдағы бірнеше көше мен 8 бірдей көпқабатты үйді ауызсумен қамтып отыр. Және басты ерекшелігі сол, ол үшін шағандықтар ақы төлемейді. Облыс бойынша ауыз су мәселесі өткір тұрғанын ескерсек, бұл елеулі жетістік. Сондықтан, шағандықтар үшін ең бағалы байлық –  осы ауыз су. Қазіргі күні Жаңасемей мен Дегелең аралығындағы станцияларға «Теміржолсу-Павлодар» ЖШС қызмет көрсетеді. Шаған станциясының сушысы  Болат Байжұмановтың айтуынша, мұнда тәулік бойы су үзіліссіз беріледі. Тұрғындарды тіршілік нәрімен қамтуда ешқандай іркіліс жоқ. Қызмет көрсету сапасы қалалық жерлермен бірдей. –Шағандағы су сорғысы «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы аясында соңғы жылдары толықтай күрделі жөндеуден өтіп, заманауи талаптарға сай етілді. Автоматтандырылған жүйенің қуаттылығы аса жоғары. Сондықтан кенттегі халықты толығымен сумен қамтимыз. Бір кездері Семей сынақ полигонының өтінде болып, құлазыған құнарсыз далаға айналған өңір үшін бұл ең үлкен әлеуметтік көмек. Бұл Ұлттық компанияның жергілікті тұрғындарға жасаған ең үлкен тартуы болып отыр, халықтың алғысы шексіз, – дейді Болат Байжұманов. Қазіргі күні табиғаты аса қатаң өңір үшін ауыз су алтынмен пара-пар. Мұндағы теміржолшылар қауымы полигон аумағында тұрғаны үшін мемлекет тарапынан тиесілі әлеуметтік көмектер алады. Әйтседе, әр үйге құбырмен жеткізілген ауыз су соның барлығынан да бағалы саналады. Бұл пікірді станция басшысы Айдос Тоқтаров та қостайды. –Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында келген таза су Шаған кенті үшін жасалған ең үлкен тарту болды, оның үстіне ол тегін беріледі, – деді ол. Биылғы күздің соңында су сорғы нысанның аумағы ат шаптырым болатын кең ауласы теміржолшылардың өз күшімен абаттандырылыпты. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құрметіне Семейден әкелінген 25 дана шырша көшеттері отырғызылған. Бұл бүгінгі күннен ертеңгі буынға арналған естелік болмақ.

Қуаныш ҚОЖАЕВ,

Шаған станциясы   

Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі