Түбек темір жолы жаңарып жатыр

Жаңалықтар
16.08.2022, 10:19
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау темір жолында күрделі жөндеу биыл қарқынды жүруде . Биылғы жоспардың жартысынан астамы орындалды. Күрделі жөндеу жұмысын «Теміржол жөндеу» компаниясының ПМС-Ақтөбе мекемесі қолға алған.

Жалпы, биылға жоспарланған меже 72.6 шақырым болса, қазір соның 45,462 шақырымында күрделі жөндеу жасалып бітті. Жөндеу жұмыстары наурыз айының ортасында басталған. 2 маусымға дейін №3 бекет-Үстірт-5 бекеттердің 74-103 км аралығындағы 28,650 шақырым жол жөндеуден өтті. Аталған телімде осыған дейін пойыздар жылдамдығы сағатына 60/50 шақырым болса, жөндеуден кейінгі жылдамдық 100/80 шақырымға дейін көтерілді. Күрделі жөндеу барысында телімдегі ескі ағаш шпалдар темірбетонды шпалға ауыстырылып, ұзын бунақтар салынды.  

– Жөндеу жұмыстарының екінші кезеңі 21 маусымда басталды. Содан бері №14-15 бекеттері арасындағы 19,292 шақырым жолды жаңарттық. Негізгі жоспар 22,0 шақырым болатын. Бұл жолдарға ұзындығы 725 метрлік 32   бунақ төселеді. Жұмыстар толық аяқталғасын аталған бұл телімде де қозғалыс жылдамдығын сағатына 100/80 шақырымға дейін жеткізуге болады. Осыған дейінгі жылдамдық сағатына 70/60 км құрайтын, – дейді күрделі жөндеу туралы ақпарат берген Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің инженері Ерлан Аманжолов.  

Айтуынша, жыл соңына дейін тағы да 22 шақырым жол күрделі жөндеуден өткізіледі. Ол – №16-Тамақ бекеттерінің 377- 398 км аралығындағы жолдар. Бұл телімде де бүгінде пойыздар 70-60 км/сағатпен жүріп жатыр. Күрделі жөндеуден соң жылдамдық 100/80 км/сағатқа дейін артады деп күтілуде.

Бүгінде күрделі жөндеуге алпыс адам жұмылдырылған. Негізгі жұмысты жүргізіп жатқан ПМС-Ақтөбе – осы салаға маманданған мекеме болғандықтан сапасы күмән тудырмайды. Жұмысқа ВПО, ЭЛБ, МПД, Автогрейдер, Трактор, ПРБ, Дуомат USP, т.б. техникалар тартылған. Түбек темір жолы осылай кезең-кезеңмен жаңарып жатыр...  

 

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады