Маңғыстауда биыл темір жол бойының 160 шақырымы қоршалады

Жаңалықтар
23.08.2022, 10:35
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Биыл Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты темір жолдың 160 шақырымына мал өтпес үшін қоршау салу жоспарланған. Бүгінге дейін соның жартысы орындалып, яғни 80 шақырымда жаңа қоршау бой көтерді. Онымен қоса ескілері де ретке келтіріліп, бұзылған, сынған жерлерін жөндеу жұмыстары жалғасуда.

  Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің жетекші инженері Ерлан Аманжолов қоршау құрылыстары үшін 16 адам уақытша жұмысқа қабылданғанын, барлық жұмысты бүгінде солар жасап жатқанын жеткізді.

– №3-Үстірт-№5 бекет, №7 бекет-Сай-Өтес станциясы, АлтайТеректі және №14-15 бекеттердің аралықтарында жаңа қоршаулар салынды. Одан бөлек бұрынғы қоршаулардың да үзілген сымдарын жалғап, сынған ағаштарын ауыстырып жатырмыз. Биыл 20 шақырым қоршауды жөндеуді межелеген едік. Бүгінге дейін 19 шақырымын жаңарттық. Ол Бейнеу жол дистанциясы бойынша Бейнеу–№1 бекет, Үстірт–№5 бекет, Маңғыстау жол дистанциясы аумағында №10 бекет–Маната, №11-12 бекет, №12-13, №13 бекет–Шетпе аралықтары. Енді осынша жұмыстан соң жолға мал шығуы азаяр деген ойдамыз. Қоршаудың бұған  септігі көп, – дейді ол. 

Әрине, қоршаулар көбейген сайын мал басу деректері де кеми түсетіні анық. Мәселен, Маңғыстау жол дистанциясы бойынша былтырғыдан жағдай біршама тәуір. Өткен жылы жеті айда тепловоз машинистері малға қатысты 137 рет шұғыл тежегішті іске қосса, биыл 94 рет тежеу беріпті. Ол өз кезегінде қауіпсіздіктің сақталуына, уақыттың үнемделуіне әсер етіп, жанармай шығынын 6,85 тоннадан 4,70 тоннаға қысқартқан. 

– Биыл да мал шығыны аз емес, дистанция жолдарында 15 мал пойыздың астына түсті. Айтуға оңай болғанмен, оның артында қаншама кері салдар жатыр. Дей тұрғанмен, фактінің 2021 жылдың тиісті кезеңіндегіден әлдеқайда төмендегені көңілге демеу. Аталған 15 оқиғаның тек біреуінде мал иесі табылмады. Қалғандарының иесі анықталып, оларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 559-бабына сәйкес шара қолданылды. Әрине, алдағы уақытта   біз жағдайды бүгінгіден де жақсартуға күш салудамыз. Осыған дейін желілік полиция бөлімшесі және ауыл әкімдігінің қызметкерлерімен бірлесе теміржолға жақын Шетпе, Аусары, Қосбұлақ, Р бекеті–Боржақты аралығы, Жармыш, Қызылтөбе, Батыр, Баянды ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарының иелерін аралап, әңгімелесіп, түсінік жұмыстарын жүргіздік. Қарақия және Мұнайлы ауданы әкімдеріне мал бағуға бақташы жалдау туралы 12 мәрте хат жолдадық. Ал малға қоршаулар жайына келсек, аймақта салынатын барлығы 160 шақырымның 70 шақырымы біздің дистанцияға тиесілі. Қазір сол жұмыстардың қарекетіндеміз, – дейді Маңғыстау жол дистанциясының жетекші инженері Ержан Артықбаев. 

Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн