Вокзалдағы ана мен бала бөлмесін пайдаланушылар қатары көбейген

Жаңалықтар
23.08.2022, 11:06
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау теміржол вокзалындағы ана мен бала бөлмесіне бас сұққан жан ол жерден ұядай жылылықты сезінері сөзсіз. Жып-жинақы бөлмедегі шағын төсек-орын, қабырғадағы суреттер, әртүрлі ойыншықтар бейне бір балалар өз бөлмесіне кіргендей әдемі әсер сыйлайды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Биыл бұл бөлменің қызметін пайдаланушылар қатары былтырғыдан көбейген. Жеті ай ішінде 42 ана балаларымен бірге қонақ болыпты. Оның үстіне ана мен бала бөлмесі қайта жөндеуден кейін кем-кетігі толықтырылып, әсем көрініске енген. Қабырғадағы мульткейіпкерлердің суреті мен еденге жаңа төселген кілемге дейін үйлесімді. Баланың киімін ауыстырып, жөргектейтін үстелмен қатар киім үтіктеуге арналған тақта қойылған. Кондиционер орнатылған. Төсек жабдықтары да түгелдей жаңартылып, түрлі ойыншықтар сатып алынған.  

– Бөлме балалы әйелдердің барлық қажеттіліктерін ескере отырып жасақталды. Ол вокзалдың екінші қабатында орналасқан және тәулік бойы жұмыс істейді, барлық нәрсе стандартқа сай қарастырылған. Бөлмеде екі үлкен, бір балалар кереуеті, сәбилерге арналған үстел бар. Қысқатолқынды пеш, мұздатқыш, диспенсер, санитарлық-гигиеналық аймақ – бәрі жұмыс істеп тұр, – дейді Маңғыстау теміржол вокзалы бастығының орынбасары Гүлжан Мусилова.  

 

Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн