ҚТЖ көмір тасымалдауда жақсы көрсеткішке жетіп отыр

Жаңалықтар
25.08.2022, 15:42
©Rail-news.kz

«ҚТЖ» ҰК» АҚ көмір тасымалдауда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр. Осы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша, соңғы үш айда компания 10% өсімді көрсетті. Бұл туралы «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС-нің атқарушы директоры Нұржан Келбұғанов Орталық коммуникация қызметі алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Оның айтуынша, халық үшін көмір тасымалдаудың осы көрсеткіші тамызда да сақталады.

«Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін ұстап тұру маңызды болып тұр», – деді Н. Келбұғанов.

Көмірді тұрғындар үшін әлеуметтік маңызы бар жүк деп санайтын кәсіпорын, оны тасымалдау жұмыстарын алдын ала бастап кетті. Соған байланысты жылжымалы құрамды, локомотивтерді, инфрақұрылымды дайындау бойынша қажетті шаралар әзірленді. Жұмыс жоспарға сай жүргізілді. Бүгінгі таңда көмірді сапалы тасымалдауды қамтамасыз ету үшін барлық деңгейде жедел штабтар құрылдған. Оған қоса бақылау топтары жұмыс істеп жатыр.  

«Біздің басты мақсатымыз – осы көмір жеткізу тізбегіндегі барлық қатысушылардың жұмысын ұйымдастыру. Жұмыстың жақсы жолға қойылуы көмір өндіруші, трейдер, әкімдіктердің жұмысына, темір жол мен вагон иелері және тасымалдаушыларға байланысты. Осы күрделі тізбектің кез келген бір сатысында вагондардың кешігуі орын алса, ертең ол вагондардың бос тұрып қалуына және тапшылыққа әкелуі мүмкін», – дейді Нұржан Келбұғанов.

Жалпы, ҚТЖ әлеуметтік маңызы бар жүктерді жаппай тасымалдау маусымына дайын.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады