Қазақстан мен Қытай шекарасында үшінші теміржол өткелі салынуы мүмкін

Жаңалықтар
15.09.2022, 09:20

Қытай Қазақстан арқылы жаңа теміржол дәліздерін ашуға мүдделі. ҚХР-дағы ҚР елшісі Шахрат Нұрышев аспан асты елі басшысының республикамызға жасаған сапарының тарихи маңыздылығына баға берді, деп хабарлайды Rail-news.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұл - ҚХР төрағасының Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент болып сайланғаннан кейінгі алғашқы сапары.  

«Бұл - ҚКП-ның XX-шы Бүкілқытайлық съезі және ҚР-дағы кезектен тыс президенттік сайлау қарсаңында өткен сапар. Алдағы сапарға да айырықша назар аударылып отыр. Кездесуде елдер арасындағы 30 жылдық қарым-қатынастың қорытындысы шығарылып, жаңа кезеңдегі даму бағыттары айқындалды», - дейді Ш. Нұрышев.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат еліміздің транзиттік-көліктік бағыттарын одан әрі әртараптандыруға және интеграцияланған логистикалық шешімдерді енгізуге, оның ішінде Қазақстан арқылы жаңа теміржол дәліздерін ашуға мүдделілігін білдірді.

«Атап айтқанда, біз Қазақстан-Қытай шекарасында үшінші темір жол өткелін ашу мәселесін белсенді талқылаудамыз. Біз оны Қытай мен Еуропа арасындағы жүктердің жылдам қозғалысына ықпал етеді деп санаймыз», - деді Шахрат Нұрышев.

Сондай-ақ, екі елдің аумағында мәдени орталықтар ашу мәселесі талқыланды. Елші оның екіжақты достықты нығайту үшін гуманитарлық тұрғыдан маңызды екенін атап өтті.

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды