Үш бағытқа қызмет көрсетеді

Жаңалықтар
28.02.2017, 17:23
Үш бағытта қызмет көрсететін Шар станциясының жұмысы қашанда қауырт. Әсіресе, «станцияның жүрегі» саналатын техникалық кеңсе қызу еңбектің қайнаған ортасы. Өкім беру, пойыздардың келу-кету тәртібін бақылау, тіркеуге алу, нұсқаулықтар қабылдау мен маневрлік жұмыстарға жетекшілік сынды жауапты жұмыстар мұнда тәулік бойы толас таппайды.    Техникалық кеңсе қызметкерлері мұндай жұмыс үдерісіне төселген. Оның үстіне мұндай ауыртпалығы мен жауапкершілігі мол жұмысқа негізінен өте белсенді жандар іріктеліп келетіні жасырын емес. Шарлық кеңсе операторлары мен станция кезекшілері де жұмыстың жауапкершілігін терең сезіну арқылы жетістікті қызмет атқаруға болады деп санайды.   –Техникалық кеңсе қызметінің ерекшелігі сол, бір мезетте бірнеше жұмысты қатар атқаруға тура келеді. Мәселен, дәл қазіргі сәтте Аягөз бағытынан келе жатқан жүк пойызын қабылдап, тепловозын депоға жіберу керек. Сондай-ақ, төртінші жолдағы жылжымалы құрамды басқа тепловозға тіркеп, Защитаға аттандырамыз. Ал шамалы минуттардан кейін маневрлік жұмыстарды басқару қажет. Төрт вагонды ағытып, басқа пойызға тіркейміз. Сондай-ақ, бұл аралықта Семейге аттандыратын төрт платформаны жасақтауды ойша жоспарлап отыру керек. Бұған қоса, қосымша вагон алдыруға тиіспіз. Міне, осы жұмыстардың барлығын не бары екі сағаттың ішінде тиянақтап үлгеруіміз қажет. Ал осынау аралықта телефон құлағына еш тыным болмайды, – дейді осынау бір ғана қызметте ұзақ жылдар бойы үзіліссіз еңбек етіп келе жатқан станция кезекшісі Гүлбаршын Бердікенова. Техникалық кеңсенің аға қызметкері Гүлмира Қарабаева Шар станциясынан өтетін барлық пойыздардың жай-жапсарын толық меңгергені сонша, көзін жұмып отырып та жаңылыспай айтып береді. Ағытылып, жалғанатын вагондар саны компютерде тіркеліп тұрғанымен, барлығын ойында сақтап, жаңылыспай айтып бере алатын ерекше қасиеті таң қалдырмай қоймайды. Мұндағы қызметкерлер бір минутта екі-үш телефонға қатар жауап беріп, қарсы беттегі микротаблодағы өзгерістерді де қадағалап отырулары шарт. Кірме жолдардан вагондарды жинап алу, тіркеу мен ағыту, пойыздарды қабылдап алу мен аттандыру жатады. Ал бұл аралықта әр қызметкер жаңадан жасақталатын пойыздың салмағы мен ұзындығын да қатар ескеріп, есептеп отыруы тиіс. Себебі, артық жүктеменің соңы артық проблемаға әкелуі мүмкін. –Шар станциясы үшін негізгі басымдық берілетіні, үш бағыттағы қозғалысқа кедергі тудырмау қажет. Әсіресе, қазіргідей ауа-райының аса қолайсыз мезгілінде бұл жұмыстың маңыздылығы тіптен еселене түседі. Ал мұндайда дәл біздегі кәсіби тұрғыдан шебер, білікті қызметкерлерден тұратын командамен жұмыс істеу өте маңызды, – дейді станция бастығы Мұхаметқали Мұсабаев.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Шар

Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі