Шағырда жұмыс ауқымы артқан
Екінші класты жүк станциясына жататын Шағырдан өткен жылы 2900 тонна мұнай экспортқа шығарылған. Былтыр сәуір айынан бастап тасымалданғандықтан, ай сайын 443 вагонға, барлығы 3547 вагонға қара алтын тиелген.
Құмкөлден шығатын шикі мұнай «Қазтрансойл» компаниясының құбырымен Шымкенттегі Айкөл мұнай құю бекетіне, сосын Шағырға жетеді. «Торғай-Петролеум» компаниясының осы бекеттегі шағын мұнай құю қоймасы және бекеттен үш км жерде аталған компанияның кірме жолы бар. Сондағы қоймадан бір құйғанда 40 вагонға мұнай толтырылып, Өзбекстанның Ферғанадағы мұнай өңдеу зауытына жіберіледі.
– Бұрын тек Өзбекстанға жөнелтсек, биылдан бастап Қырғызстанның Қара-Балта мұнай өңдеу зауытына да тасымалдануда. Қаңтарда қырғыздарға 11,500 тонна мұнай жөнелтілді. Ақпанда өзбектерге 10 мың, Қара-Балтаға 12 мың тонна мұнай тасымалданады. Былтыр мұнай тасымалы сирегенде мамандарды сақтау үшін бірқатарын көрші бекеттерге уақытша ауыстырған едік. Енді жұмыс көлемінің артуына байланысты екі пойыз құрастырушыны бесеуге дейін көбейту қажеттілігі туындауда. Бұл жайлы бөлімше бастығы хабардар. Көктемнен бастап жұмыс осы қарқынмен жүрсе мамандар қажет болмақ, – дейді станция бастығы Бақытжан Қарынтаев.
Жалпы, «Торғай-Петролеум» компаниясы осыдан екі жыл бұрын қойманың қасынан мұнайды өңдеп, бензин, керосин, дизтопливо шығаратын шағын кәсіпорын салуды жоспарлаған екен. Белгілі себептерге байланысты тоқтап қалған жоба биыл қайта жанданатыны байқалуда. Жақын жылдары іске қосылатын болса, Шағырдан айына 200 вагон өңделген мұнай өнімдері тасымалданбақ.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды