ҚТЖ мен Huawei Стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Жаңалықтар
16.09.2022, 18:06

Осы жылдың 14 қыркүйегінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің  Қазақстанға мемлекеттік сапары болып өтті. Бұл екі ел ынтымақтастығының ерекше стратегиялық мәртебесі мен перспективасын тағы ерекше көрсетті. Қазақ-қытай, оның ішінде көлік-логистика саласындағы қатынастарының қазіргі жоғары деңгейі көрші елдердің ірі корпорациялары арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету үшін қажетті алғышарттар жасайды.  

Кеше «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Huawei Technologies Kazakhstan» ЖШС ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамыту, үлкен деректер, заттар интернеті және жасанды интеллект сияқты инновациялық технологияларды әзірлеудегі бірлескен жұмыс мақсатында өзара іс-қимылды көздейтін Стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.  

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қозғалыс қауіпсіздігі деңгейіне, тасымалдау кезінде ұсынылатын қызметтер сапасына, транзиттен өту режиміне және теміржол тасымалы жүйелерінің біріктірілген жұмысына әсер ететін озық цифрлық технологияларды енгізу мен дамытуға ерекше назар аударады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ деректері бойынша компаниялар арасындағы ынтымақтастық әлеуеті технологиялық процестің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ете отырып, Қазақстан темір жолдарында заманауи инновациялық технологияларды бейімдеуге, сондай-ақ қызметтер сапасының ең жоғары стандарттарын қолдауға мүмкіндік береді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Стратегия және цифрландыру жөніндегі орынбасары Әнуар Ахметжановтың айтуынша, деректерді беру желісін жаңғырту және озық технологияларды қолдану есебінен қозғалыс қауіпсіздігінің деңгейін, тасымалдау процесінің тиімділігін және еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік туады. Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру үшін ҚТЖ мен Huawei қазақстандық компаниялармен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында белсенді ынтымақтасуға және оларды енгізілетін озық технологияларды тиімді пайдалануға барынша тартуды қамтамасыз етуге ниетті.

Huawei Technologies Kazakhstan Бас директоры Макс Чжао Сюй: «Теміржол жұмыс процестеріне коммуникациялық технологияларды интеграциялау өндірістік мүмкіндіктерді сапалы жақсартуға, клиентке бағдарлануды арттыруға және барынша пайдалану тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті. – Huawei компаниясы ҚТЖ-ның цифрлық трансформациясын қолдауға әр кез де қуанышты. Қазақстан темір жолдарын цифрлық трансформациялауды жүзеге асыруға көмектесуге ұмтыла отырып, біз жоғары бейімділіктегі және икемділіктегі зияткерлік жоғары технологиялық шешімдерді ұсынамыз. Бұл шешімдер қауіпсіз, ақылды және тиімді теміржол көлігі жүйелерін құру үшін бұлтты қызметтер мен байланыс қызметтерін ұсынады».

Стратегиялық Келісім ұзақмерзімді болып табылады. Нәтижелерге таяудағы бес жылда қол жеткізу жоспарланып отыр.

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды