Әйел – ару, әйел – жар, әйел – ана...
Жаңалықтар
07.03.2017, 13:48
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ биыл 8 наурыз әйелдер мерекесі қарсаңында ерекше бір жобаны қолға алып, жүзеге асырды. Аталған жоба аясында компания қарамағындағы филиалдарда өндірістік қызметте көп жылдар еңбек етіп қана қоймай, көп балалы ана болып та үлгеріп, сонымен қатар бала асырап, бауырына басып, ізгілік нұрын шашып жүрген теміржолшы әйелдер Елордаға шақыртылып, ерекше құрметке ие болды.
Бүгінде аталған акционерлік қоғамда 14 мыңнан астам әйел қызмет етеді екен. Солардың арасында қызметін де жасап, елдің демографиялық өсіміне де үлес қосып, шаңырағын гүлдей жайнатып отырған әйелдер баршылық. Сондай іріктелген 15 теміржолшы әйелді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясының президенті Оралхан Кулаков пен Халық қаһарманы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің кеңесшісі Тоқтар Әубәкіров төл мерекелерімен құттықтап, қоғам атынан бағалы сыйлықтар табыс етті.
– «Жұмақ – ананың аяғының астында» дейді халқымыз. Барлық адам өз анасының алдында бас иеді. Сондықтан аналардың ішінде де сіздердей дарасы болып, Қазақстан темір жолының ғана емес, демографиялық жағынан елдің дамуына үлес қосып жүрген нәзік жандармен кездесу, құттықтау құрметіне ие болу мен үшін зор мәртебе, – деген қоғам басшысы оларға мықты денсаулық, отбасы амандығын және табыс тіледі.
Қызмет пен отбасын қатар алып жүрген теміржолшы аналарды осы жобаға таңдауда олардың теміржолдағы еңбек өтілінің 15 жылдан кем болмауы, кәмелет жасқа жетпеген кем дегенде 4 баласының болуы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төс белгілерінің болуы ескерілген. Солардың арасынан ең үздік деген үш әйелге үш номинация бойынша марапат ұсынылды. «Аялы алақан» аталымына Жем станция кезекшісі жанындағы оператор, 29 жылдық тәжірибесі бар, әрі балалар үйінен 4 баланы асырап алып бағып отырған Айнагүл Ақмырзаева лайық деп танылды. «Шарапатты ару» аталымын Қарағанды станциясында қызметтік орындарды тазалаушы, 21 жылдық еңбек өтілі бар Ольга Кость жеңіп алды. Ал «Ел ана» аталымы бойынша «ҚТЖ- Жүк тасымалы» АҚ Орталық аппаратының 3-ші деңгейлі менеджері, 8 балалы «Алтын алқа» иегері Жібек Ермаханбетова марапатталды.
Құшақтары гүлге толған аяулы аналардың арасында Тастақ станциясының жүк қабылдап-жөнелтушісі, біреуін асырап алып, қалғанын өзі дүниеге әкелген 6 баланың анасы Валентина Завадина, Тобыл станциясының пойыз қабылдаушысы, 5 баланың анасы Шолпанай Құтыбаева, Ерейментау локомотив депосы демалыс үйінің кезекшісі, 6 баласының екеуін асырап бағып отырған Светлана Андреева, Алматы-1 станциясы технологиялық орталығының бастығы, 5 баланың анасы Гүлбаршын Тукубаева, жамбылдық теміржолшы, 5 баланың анасы Құндыз Мырзалиева, «Алтын алқа» иегерлері - шымкенттік теміржолшы ана Нұрбибі Тұрсынбекова, Сексеуіл локомотив депосының операторы Құралай Әлбиева, «Күміс алқа» иегерлері - Орал станциясының қызметкері Меңзипа Мажитова мен Құлсары станциясының тауар кассирі Гүлшат Бегежанова және Семей станциясының аға жүк қабылдап-жөнелтушісі Нағима Құрбанова мен Бейнеу станциясының тауар кассирі Зинегүл Өмірзақова, сонымен қатар бір баланы асырап алған қоғамның 3-ші деңгейлі менеджері Айжан Кушкумбаевалар бар.
Шалғай ауылдардан келген теміржолшы әйелдерге шаш сәндеу, бет әрлеу жағынан да қызмет көрсетіліп, көктемдей құлпырған асыл жандар компания басшысымен кездесуден соң «Rixos Prezident Astana» қонақ үйінде түстеніп, одан әрі ҚР Ұлттық мұражайын аралады. Арнайы автобуспен қаланың көрнекі орындарына серуенге шыққан олардың Елордадағы мерекелік сапары «Астана Опера» театрында жалғасып, «Кішкентай салтанатты месса» атты операны тамашалады.
Райхан РАХМЕТОВА
Астана
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі