Әйел – ару, әйел – жар, әйел – ана...

Жаңалықтар
07.03.2017, 13:54
Көңілге көктемнің шуағын сыйлап, жанды жадыратар 8 наурыз –  Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кешті «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының президенті  Нұрдәулет Қилыбай бастаған азаматтар өз ұжымындағы қыз-келіншектерге арнап ұйымдастырды. Теміржолшылардың әкімшілік ғимаратының мәжіліс залына кіреберісте нәзік жандыларды гүлмен қарсы алған ер азаматтар бұл күні жүздері бал-бұл жанып, сәніне сән қосып, ажарлана түскен аруларға бар ықылас-тілектерін жаудырауда. Бірінші болып сахна төріне көтерілген «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Эрик Имашев темір жол саласында 35 мыңнан астам әйел адам еңбек етіп жатса, соның басым бөлігі жолаушылар тасымалы шаруашылығында екенін атап өтті. Зал толы әйел қауымына ақжарма тілегін жеткізіп, отбасыларына амандық, дендеріне саулық, еңбектеріне жеміс тілеген Эрик Еркінұлы «ҚТЖ» ҰК» АҚ жетекшісі Қанат Алпысбаевтың ізгі тілектерге толы Құттықтау хатын Нұрдәулет Игілікұлына табыстады. Бұдан кейін сөз кезегін «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшысы алды.Ықылым заманнан аналарын ардақтаған, қарындасын құрметтеген, қыздарын қадірлеген халықтың ұлымыз. Біздің ұлттық намысымыз да қыз намысын қорғаудан басталады. Аналарымызға, аруларымызға арналған жыр, ән мен күй, дастан да көп. Өкінішке қарай, біз ер азаматтар бізбен иық тіресіп, тізе қосып жұмыс істеп жатқан жандар өз ісінің кәсіби шебері, мықты теміржолшы ғана емес, жаны нәзік, жүрегі жұмсақ ару,  пейілі кең қамқор ана екенін көп жағдайда  естен шығарып аламыз. Шын мәнінде, әйел адамға көп нәрсе керек емес, ілтипат, жан жадыратар жылы сөз және адалдық. Әйелдер ғана шынайы сүйе алады, шынайы күте алады, шынайы жылай да алады және шынайы бағалайды. Сіздер сол қасиеттеріңізбен мықтысыздар. Тарихтан білеміз, соғыс жылдарында әйелдер бейбіт майданда Жеңісті жақындатуға күресті, олардың қатарында паровоз машинисі де, жолшы, вагоншы, болды, қысқасы теміржолдағы барлық жұмысты әйелдер атқарды. Құдайға шүкір, қазір «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман». Теміржолшы әйелдердің де жұмысы жеңілдетілді. Соның өзінде сіздер біздің үйде де, түзде де тірегіміз болып қаласыздар. Сіздерге мың алғыс, мың тағзым. Бастарыңыз аман, дендерің сау, көңілдеріңіз көтеріңкі, өмірлеріңіз сәнді болсын! – деп жүрекжарды лебізін білдірді Нұрдәулет Игілікұлы. Бұдан соң Қоғам басшысы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның зейнеткерлеріне, еңбеккер әйелдеріне Алғыс хаттар мен  ескерткіш сыйлықтар табыс етті. Өз кезегінде орталық кәсіподақ төрағасы Оразғали Ахметбаев та сахна төріне көтеріліп, темір жолда тер төгіп жүрген әйел қауымын төл мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.  Мерекелік кеш соңы теміржолшылардың концерттік бағдарламасына ұласты.  

Сұлугүл БАКЕСОВА, Астана

Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі