Гүлмираның хоббиі
Әжесінен қазақ өнерлерінің қасиетін қанына сіңіріп өскен бойжеткен Гүлмира Қанибайдың қолынан шыққан бұйымдарды көріп көңіліміз көтерілді. Өйткені, қазір қолөнермен айналысатын қыздарымыздың сиреп бара жатқаны жасырын емес. Десе де, Гүлмирадай он саусағынан өнер тамған аруларымыз барда, қазақ өнері өлмек емес.
Қызылорда аграрлы-техникалық колледжін «Теміржол көлігімен тасымалды ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған Гүлмира Қонақбайқызы «Қызылорда-ЖТ бөлімшесінің» персоналды басқару бөлімінде жұмыс істейді. Жұмысына да аса тиянақты бойжеткен әріптестері арасында ісмерлігімен де ерекше құрметке бөленген. Әсіресе, ерекше сәнге құштар құрбылары оның қолынан шыққан туындыларына, мәселен шашбау, бантик, түрлі стильдегі, қалыптағы шаш қыстырғыштарына «құда түседі» де жатады.
– Мен әжемнің тәрбиесінде болдым, ол кісінің жүнді жуып тазалап, бояп, ұршық иірген ісін көзбен көріп өстім. Менің қызығушылығымды байқаған Манат мамам маған тоқу ісінің әдістерін үйрете бастады. Қазір сол балалық жаста үйренгенім өзіме көп көмегін тигізуде, – деген Гүлмира тоқыма тоқу өнері зейінді арттыратынын айтады. Өрнек өру ерекше жабдықты, арнаулы орынды, белгілі мезгілді керек етпейтін қарапайым әрі әр отбасына тиімді өнер. Қолөнерін үйренуге деген ынта мен жігер кез-келген қаракөзді аз уақыт ішінде кесте тоқуға, ою ойып, зерделеп іс тігуге машықтандырады. Теміржол саласының темірдей тәртібіне мойынұсынумен қатар анасы мен әжесінің тәрбиесімен келген киелі өнерді жалғастырып жүрген Гүлмира сүйікті хоббиі жайлы сүйсіне әңгімеледі.
- Шашқа тағатын қыстырғыштың сан алуан түрі қармақты біз немесе ілмек бізбен ілмелеп тоқыла береді. Кейде жасайтын шаш қыстырғыштың көлеміне қарай арнайы инемен де тоқылады. Қазақтың қолөнерінде тоқу бұйымдары уақ малдың кәрі жілігінің шыбық сүйегінен, жарып алған жіліншіктің қыр сүйегінен егеп, үшкірлеп дайындайтын шеберлердің қолынан шығатын болса, қазір сауда сөрелерінде мұндай құралдардың сан түрі дайын күйінде сатылады, – деп өнерінің қыр-сырымен бөлісті.
Жаңалықтар
19.10.2026
Теміржол вокзалдарындағы сары белгі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі
Аймақтар
19.10.2026
Маңғыстау жол дистанциясына – 60 жыл
Әлемде
19.10.2026
Ресейде push-pull технологиясымен жүретін алғашқы қала маңы пойызы іске қосылады
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия