Машинист баланы Сарыөзек – Үштөбе учаскесінің Тауарасы – Айнабұлақ аралығында байқап қалған, деп хабарлайды Rail-news.kz.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлағандай, 2026 жылғы 20 қыркүйекте сағат 12:30-да Сарыөзек – Үштөбе учаскесінің Тауарасы – Айнабұлақ аралығында қозғалыстағы жүк пойызының машинисі теміржол төсемі жанынан Айнабұлақ станциясына жалғыз бағыт алған даладағы төрт жасар баланы байқаған.
«Шамамен 38 км/сағ жылдамдықпен машинист қызметтік тежеуді қолданып, пойызды тоқтатып, баланы локомотив кабинасына мінгізіп алды. Бұл туралы ол пойыз диспетчеріне хабарлады», – делінген хабарламада.
Баланы ата-анасымен байланысқан Айнабұлақ станциясының кезекшісіне тапсырды.