Электровоз зауытына саяхат

Трансформация
18.09.2026, 09:15
Оқуға 3 мин
Суреттерді түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының №1 Индустриялық паркі аумағында орналасқан Alstom компаниясының Электровоз құрастыру зауыты – елорданың индустриялық аймағында жүзеге асырылған ірі өндірістік жобалардың бірі. Осы зауытқа елордалық БАҚ өкілдері үшін пресс-тур ұйымдастырылды.

Өндірістік алаңы 35 мың шаршы метр аумақты алып жатқан зауыттан КЗ8А жүк электровоздары мен КЗ4АТ жолаушылар электровоздары, сондай-ақ борттық трансформаторлар мен тартқыш конвертерлер шығарылады. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 100 электровоз секциясына дейін жетеді. Бүгінге дейін Қазақстан мен өңірлік нарықтар үшін 450-ден астам электровоз шығарылды. Биыл зауытта ішкі сұраныс үшін, яғни ҚТЖ тапсырысына сай 33 жүк және 13 жолаушылар электровозын шығару жоспарланған. Журналистер зауыттың 6 өндірістік цехын аралап, әрқайсысының міндеттерімен және қызметімен танысты.  

– Мұнда локомотивтердің бесінші буыны шығарылады. Қазіргі таңда біз ҚТЖ-ға жүк және жолаушылар тасымалдайтын электровоздарды шығарамыз. Alstom компаниясының 100 пайыз еншісіндеміз. Соның арқасында экспорттық әлеуетімізді көтеріп, локомотивтің кузовы, транформаторлар, басқа да бөлшектерді шетелге шығаруға жұмыс істеліп жатыр. Зауытта 750-ден астам, сервистік бөлімде 600-ден аса адам жұмыс істейді. 2018-2022 жылдары Әзірбайжанға 40 электровоз, биыл Францияға 10 кузовты жөнелттік. Жылдың соңына дейін трансформаторларды экспорттаймыз. Бұл зауыт технологиялық жағынан алдыңғы орында, ТМД көлеміндегі бірегей кәсіпорын, әлем бойынша ТОП-3 үздік мекеменің қатарына енеді. Отандық өнімдер бойынша 240-тан астам қазақстандық кәсіпорындармен бірге ынтымақтастықта жұмыс істейміз, – дейді зауыттың жоба директоры Бейбіт Ибраев.

2012 жылдан бері жұмыс істейтін зауыттың өндіріс алаңы 4 негізгі блоктан, яғни қойма, әкімшілік үй-жай, өндіріс және айналдыратын шеңберден тұрады. Ең ауқымды аймақ индустрияландыру, болатты қайнату, бояу, кабельдерді төсеу, орау, монтаждау, сынақтар, пайдалануға беру, кепілдікті және техникалық қызмет көрсету сияқты 10 маңызды кезеңді қамтитын өндіріс үшін бөлінген. 10 сатылы мұқият тексеруден кейін ғана зауыт өнімдері тұтынушыларға жеткізіледі.  

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Электротехникалық және ауыр машина жасау басқармасының сарапшысы Арсен Базаровтың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда әртүрлі жылжымалы құрамды өндіру бойынша толыққанды теміржол кластері қалыптасқан және кең өндірістік инфрақұрылым қалыптасқан деп айтуға болады.  

– Елде теміржол бойынша ауыр өнеркәсіп саласында 8,5 мыңға жуық адам жұмыс істейтін 60-тан астам кәсіпорын бар. Олар Wabtec, Alstom және Stadler сияқты әлемдік көшбасшылармен серіктестікте заманауи локомотивтер, вагондар мен компоненттер шығарады. Бұл өнім жоғары халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді. Бүгінгі таңда біздің отандық өнімдеріміз жақын және алыс шет елдерге сәтті экспортталуда. Альстом - теміржол машиналарын жасаудағы әлемдегі ең ірі ойыншылардың бірі. Қазақстан үшін инвестор ретінде халықаралық компанияның болуы ғана емес, сонымен қатар ел аумағында өндірістік құзыреттерді құру да маңызды.  

ЭҚЗ сияқты кәсіпорындарды дамыту Қазақстанда локомотивтер мен вагондар өндіруден бастап компоненттер шығаруға, сервистік қызмет көрсетуге және жөндеуге дейінгі теміржол саласы машинасын жасаудың толыққанды тізбегін қалыптастыру міндетіне сәйкес келеді. Бүгінгі таңда біздің отандық өнімдеріміз жақын және алыс шет елдерге сәтті экспортталуда. Биыл қаңтар-мамыр айларында ішкі нарық көлемі теңгелік мәнде 52,3% ұлғайды, бұл қолданыстағы теміржол паркі тозуының жоғары деңгейіне және оны ауқымды жаңартудың объективті қажеттілігіне байланысты. ЭҚЗ экспорттық тәжірибесі Қазақстанның теміржол техникасын тұтынушы ғана емес, сонымен қатар оны шетелдік нарықтар үшін өндіру алаңы ретінде де әрекет ете алатынын көрсетеді.  

Министрлік тарапынан біздің міндетіміз - халықаралық қатысудың өз айналасында отандық өнеркәсіптік экожүйені біртіндеп құруға ықпал ету, өнеркәсіптік өндірісті дамыту үшін жағдай жасау және өз құзыреті шегінде тиісті мемлекеттік және инвестициялық міндеттердің орындалуын бақылау, – дейді сарапшы.

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті