Жаңашылдық тиімділікке бастайды

Аймақтар
18.09.2026, 09:00
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Бөлімшенің солтүстігіндегі Сексеуіл локомотив пайдалану депосы өзіне жүктелген міндетті мінсіз атқарып, өңірдегі жүк пен жолаушы тасымалының кідіріссіз қозғалысын қамтамасыз етіп келеді.

Солтүстігінде Шалқар, шығысында Қоскөл және оңтүстігінде Қазалы станциялары аралығына қызмет көрсететін депо жұмысында жетістік жоқ емес.  

Атап айтқанда, Сексеуіл депосы заманауи «Trip Optimizer» жүйесін өндіріске сәтті енгізіп, локомотивтердің жоспардан тыс жөндеуге ағытылуын 39 жағдайға азайтқан. 34-ТЭ33А сериялы 31 тепловозға орнатылған «Trip Optimizer» жүйесі локомотивті басқару тиімділігін арттырып, отынды ұтымды әрі үнемді пайдалануға кең жол ашып отыр.  

Депо бастығының орынбасары Еркебұлан Аяғановтың мәлімдеуінше, заманауи технология жұмысты жетілдіре түскен, өндірістік жұмыстар уақытында, тиянақты әрі нәтижелі орындалуда. Локомотивтердің жоспардан тыс жөндеуге ағытылу көрсеткішінің айтарлықтай төмендеуі осының айқын дәлелі. Бұл көрсеткіш деподағы техникалық қызмет көрсету сапасының артқанын, сонымен қатар әрбір маманның өз ісін үлкен жауапкершілікпен атқаратынын көрсетсе керек.  

Қазіргі таңда Сексеуіл локомотив пайдалану депосында қысқы кезеңге дайындық мақсатында күзгі комиссиялық байқауға қызу әзірлік жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінгі таңда депоның локомотив паркінде 34-ТЭ33А, 7-2ТЭ25КМ және 4-ТЭМ сериялы темір тұлпарлар бар. Олардың техникалық жай-күйін тұрақты бақылауда ұстап, дер кезінде күтім жасап, сенімділігі мен пайдалану ұзақтығын, тиімділігін арттыру – депо ұжымының басты ұстанымы.  

– Жыл басынан бері межеленген жоспарлы міндеттемелер түгел орындалды.  

Күн сайын мыңдаған тонна жүк пен жүздеген жолаушы мінген пойыздарды межелі жеріне аман-есен жеткізу – машинистерге жүктелген қасиетті міндет. Біздің депода заманауи технологияларды тез меңгеріп, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі мен тұрақты тасымал үдерісін қамамасыз етіп отырған мамандар да, мақтаулы машинистер бригадасы да аз емес. Олардың қатарында локомотивті жөндеу және бақылау бөлімінің бастығы Берік Басбақбаевтың, локомотив қабылдаушылар Сәбит Қарабасов пен Хангелдин Төрединовтің, инженер-жабдықтаушы Бауыржан Сейтеновтің, ТҚК-2 ауысым шебері Сәкен Наурызбаевтың еңбегін ерекше атап өткім келеді. Осы депоға талай жыл маңдай тері сіңіп, тынымсыз еңбек етіп келе жатқан осындай мамандардың еңбегі арқасында Сексеуіл депосының қашан да шоқтығы биік, – дейді депо бастығының орынбасары Еркебұлан Аяғанов.  

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды