Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді

Әлемде
21.09.2026, 08:43
Оқуға 2 мин
Сурет: BLW

Үндістан теміржол техникасын Африка елдеріне экспорттауды кеңейтіп жатыр. Indian Railways компаниясының экспорттық бөлімшесі RITES Оңтүстік Африка Республикасында өз филиалын ашты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұған дейін RITES жергілікті Volantis инвестициялық компаниясымен 35,8 млн долларға 10 магистральдық тепловоз жеткізу жөнінде алдын ала келісімге келген. Локомотивтер келісімшартқа қол қойылғаннан кейін 20 ай ішінде жеткізілуі тиіс.

Қуаты 2942 кВт болатын тепловоздар ені 1067 мм теміржол табанына бейімделеді. Олар Варанасидегі Indian Railways құрамына кіретін BLW зауытында америкалық Progress Rail технологиялары негізінде шығарылады.

RITES бұған дейін де Африка нарығында бірнеше ірі келісімшартқа қол жеткізген. 2022 жылдан бері компания Мозамбикке 16 тепловоз, бес дизельді пойыз, 60 жолаушылар вагоны және 300 жартылай вагон жеткізді. 2026 жылдың басында тағы алты локомотивке 20,6 млн долларлық тапсырыс түсті.

Компания Оңтүстік Африка, Зимбабве және басқа елдер үшін пайдаланылған үнді тепловоздарын жаңғыртып, оларды Африкадағы теміржол табанына бейімдеу бағытында да жұмыс істеп жатыр. Мұндай келісімшарттардың жалпы құны 71 млн доллардан асады.

Үндістан Африкадағы теміржол нарығына мемлекеттік RITES-пен ғана емес, жеке компаниялар арқылы да шығуда. Мәселен, Texmaco Rail Оңтүстік Африкадан жүк вагондары мен локомотивтерге тапсырыстар алып, болашақта өндірісті осы елде жергіліктендіру мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Бұл қадамдар Үндістанның экспортқа бағытталған жаңа Make for the World стратегиясымен үндеседі. Ел теміржол техникасының сыртқы нарықтағы үлесін арттыруды көздеп отыр. Соның ішінде Vande Bharat электр пойызының экспорттық нұсқасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды