Нұрбек БЕКЕН
«Өте жақсы» бағалануда
Оқуға 1 мин
Биылғы жылы төрт айда өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтірген жалпы оқиғалар саны 10 пайызға азайған.
Сондай-ақ, айрықша ақау көрсеткіші 67 пайызға және қауіпсіздікті бұзған өзге де жайттар 19 пайызға азайған. Қаңтар-сәуір аралығындағы жұмыс бағамы, Компанияның өте жақсы деген бағамен 4-ші ранг деңгейінде тұрғанын білдіруде. Яғни, аталған көрсеткіш, млн пойыз-шақырыммен көрсетілген көрсеткіштің ұлғаюына қарамастан Компания бойынша жағдайдың тұрақтылығы сақталып отырғанын айқындауда.
Қозғалыс қауіпсіздігі департаменті Персоналды дамыту және бағалау орталығымен бірлесе отырып, персоналды қозғалыс қауіпсіздігі талаптарына оқытудың сапасы мен процесін жетілдіру бойынша семинар өткізуге бағдарлама жасады. Семинарды өткізу алдағы маусым айының ортасына жоспарлануда және оған аймақтық және желілік деңгейдегі инженерлер, өзге де жауапты қызметтегі жетекшілер қатысады деп күтілуде. Осы ретте, атап өтерлігі Персоналды дамыту және бағалау орталығы темір жол көлігі қызметкерлерінің оқыту сапасын арттыру үшін Компанияның құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе, бүгінде барлық оқу орталықтары бойынша 119 оқыту бағдарламалары жандандырылған.