Әріптеске құрмет көрсетті
Кезінде Қызылорда мен Шымкент бөлімшелерінде қырық жыл еңбек еткен теміржолшы Юрий Лемаевты бір топ әріптесі 80 жасқа толуымен құттықтап барды.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрғали Нұртаев, кәсіподақ комитетінің төрайымы Тоқтар Бекова, ардагерлер Майра Бақбергенова мен Сәди Сайрамбаев, Шымкент станциясының бастығы Бердіхан Абдуллаевтар қазақтың дәстүрімен ақсақалға шапан жауып, қаржылай сыйлық ұсынып, сексенін қарсы алып отырған қарияны риза қылды. Қатарластарына арнап шағын дастархан жайған мерейтой иесі талай жыл бірге қызметтес болған тағы бірнеше жолдастарымен де қауышып, ұлы мен қазақ келіні қонақтарын күтісіп жүрсе, екі немересі той қызығын тамашалап, ойнап жүрді.
– 1959 жылы Ташкенттегі темір жол институтын бітірген соң, Қазалы, Жосалы, Төретам станцияларында еңбек жолымды бастап, станция бастығының орынбасарлығына дейінгі сатылардан өттім. 1961 жылы Юрий Гагарин ғарышқа ұшқанда мен Төретам станциясында еңбек еткендіктен, тарихи сәтке куә болғанмын. 1962 жылы Қызылорда бөлімшесінде кезекші, 1969 жылы Шымкентке ауысқан соң бөлімше кезекшісі, пойыз диспетчері, Шымкент станциясында бас инженер болып 1996 жылы зейнетке шықтым. Жарым Нина Яковлевна да теміржолшы, бұйырса үш айдан кейін оның 80 жылдығын тойлаймыз, – дейді тың да қуатты қария.
Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты