Президент Алматы мен Қонаев арасында электр пойызын қайта іске қосуды тапсырды

Жаңалықтар
19.10.2022, 13:12

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Алматы облысы тұрғындарымен кездесу барысында өңірдің көлік-логистика әлеуетін арттыру мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Президент облыстың көлік-логистика әлеуетін арттыру – басты басымдықтың бірі екенін атап өтті.  

«Үкімет әкімдікпен бірлесіп, өңірдің көлік желісін жақсарту үшін кешенді шаралар әзірлеуге тиіс. Жолаушы және жүк тасымалының мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасау керек. Атап айтқанда, Алматы мен Қонаев қалаларының арасындағы автожолмен қатар теміржол желісін дамыту қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұрын екі ортада арнайы электр пойызы қатынайтынын айтқан президент, соны қалпына келтіру мүмкіндігін қарастыру керек деген ойын жеткізді. Бұл шара Алматы маңындағы көлік кептелісін азайтуға септігін тигізбек.

«Алматы облысы Алматы шаһарының іргесінде және Қытай шекарасына жақын орналасқан. Мұнда аймақаралық көлік дәліздерін дамыту аса маңызды. Күре жолдар жүк және жолаушы тасымалының көлемін арттырады. Сондай-ақ, бір облыстың ғана емес, тұтас елдің дамуына септігін тигізеді», - деді президент.

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды