Теміржолшылар әріптестерін зейнеткерлікке құрметпен шығарып салды

Жаңалықтар
21.10.2022, 10:31
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау локомотив пайдалану депосының ұжымы қос бірдей әріптесін зейнеткерлікке шығарып салды. Екі ардагерге ұлттық дәстүрмен шапан жауып, сый-құрмет көрсетіліп, ұзақ жылғы бейнеттің зейнетін көріңіздер деген тілек айтылды.

Депо ардагерлерінің қатарын толықтырып отырған жандардың бірі тәжірибелі машинист Сағынбай Орынбайұлы болса, екіншісі – тепловоз жөндеушісі Жандос Ниязов. Екеуінің де жалпы теміржол саласына, соның ішінде Маңғыстау депосына сіңірген еңбегі зор. Сағынбай ағамыз ғұмырының 36 жылында темір тұлпарды тізгіндесе, Жандос Рзабекұлы алтын қолды шеберлер қатарынан. Бірі тепловоздардың тоқтаусыз жүрісін қамтамасыз етсе, екіншісі сол темір тұлпарлардың ақаусыз жүруі үшін күш салды. Сондықтан әріптестер екі бірдей таңдаулы маманмен қимай қоштасып, олардың ұжым өміріндегі орны ерекше екенін жеткізіп, еңбектеріне алғыс айтты. Теміржолшы кәсібінің қыр-сырын үйреткен ұстаздарына деген ыстық ілтипатымен шәкірттері де бөлісті.  

Қарақалпақстанның Қоңырат қаласында көмекші машинист болып еңбек жолын бастаған Сағынбай Орынбайұлы атамекенге 2002 жылы көшіп келіп, содан бері Маңғыстау депосында машинист болып Маңғыстау-Сайөтес, Маңғыстау-Жаңаөзен бағытында жүк пойыздарын жүргізді. Үшінші, екінші класты біліктілік дәрежелерін алды. 2012 жылы «Үздік маман» атанды. Бірнеше құрмет грамотасы, алғыс хаттардың иегері.  

Түркіменстанда туып-өсіп, 2002 жылы елге оралған Жандос Ниязов та Маңғыстаудағы өмірін теміржолмен байланыстырды. Депоның ТҚК-2 цехында төртінші разрядты аккумулятор жөндеушісі болып бастап, разрядтары өсе келе нағыз жөндеуші шеберге айналды. «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен, алғыс хатпен марапатталған.  

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды