Өндіріспен пара-пар

Жаңалықтар
10.03.2017, 12:47

Теміржол көлігінде  санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі өндіріспен пара-пар маңызды мәселенің бірі.

«Халықтың денсаулығының деңгейі сол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялдық дамуының көрсеткіші іспетті.Сондықтан әлемдегі дені сау халық қана өзгелермен бәсекелес бола алады», – деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет тұрғындарының денсаулығы мәселесінің қаншалықты маңызды екендігін ескерткен.Зиянды еңбек жағдайы – белгілі бір өндірістік факторлардың әсері қызметкердің еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне немесе сырқаттану жағдайларына әкеп соғатыны белгілі. Жұмысшылардың өз еңбек міндеттерін орындауы кезінде оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындайтын созылмалы немесе қатты ауруларды болдырмау, олардың алдын алу мақсатында кезеңдік және ауысым алды дәрігерлік тексерулер жүргізу – теміржол саласында дәстүрге айналған шара. Осы салада жұмыс істейтіндер жылына бір рет міндетті кезеңдік дәрігерлік тексеруден өтсе, ауысыммен жұмыс істейтіндер үшін күнделікті жұмысқа түсер алдында дәрігерлік куәландыру жүргізіледі. Ол жөнінде жұмысшылардың өздерімен бірге алып жүретін қойын кітапшаларына арнайы белгі басылып, кезекші мейірбикенің қолы қойылады.  Семей вагон пайдалану депосында жұмысшылардың ауысымалды дәрігерлік тексеруден өтулеріне барлық қолайлы жағдай жасалған. Ол үшін депоның әкімшілік ғимаратынан арнайы жабдықталған бөлме қарастырылған. Жұмысшылар күніне екі уақыт: бірінші ауысымға түсетіндер таңғы сағат жетіден тоғызға дейін, екінші кезектегілер кешкі сағат жетіден тоғызға дейінгі аралықта дәрігерлік байқаудан өтеді. Жұмысшылардың қан қысымы өлшеніп, көңіл күйіне, жалпы жағдайына, ішімдік ішкен-ішпегені, есірткі заттарды қолданған-қолданбағаны тексеріледі. Мейірімді мейірбикенің қырағы көзінен  таңертеңгі уақытта 24, кешке 21 адам өтіп, жұмысқа рұқсат алады. 

–Денсаулығында қандай да бір ауытқушылықтары барлар анықталса, олар жұмысқа жіберілмейді. Тіке теміржол емханасына барып қаралуға жолдама беріледі. Дәрігерлік тексеру қорытындысы бойынша, жұмыс орынының басшыларына есеп беріп отырамыз, – дейді мейірбике Алемгүл Савытжанова.

Ерлан ҒАЗЕЗ, Семей

Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі