Теміржолшылар ұлттық мерекені атап өтті

Жаңалықтар
27.10.2022, 11:51
Суретті түсірген Александр Жабчук
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

25 қазан – Республика күніне орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да салтанатты мерекелік шара ұйымдастырылып, сала майталмандары марапатталды. Теміржолшы-өнерпаздар талғампаз көрерменді арнайы концерттік бағдарламасымен таң қалдырып, тамсандырды.

Мерекелік жиында  құттықтау сөз алған «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағанбетов жиылған көпшілікті Қазақстанның ұлттық мерекесі -   Республика күнімен құттықтады.  

- Еліміздің тарихи дамуында үлкен серпілістер жасалып,  барлық салада табысқа қол жеткізе алды.  Соның ішінде теміржол саласы – экономиканың күре тамыры. Ұлттық компания еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға үлкен үлес қосып отыр. Сонымен қатар маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда. Біздің міндетіміз – алдағы уақытта Қазақстанды сенімді транзиттік хаб ретінде қалыптастыру. Жылдан жылға көрсеткіштеріміз артып келеді. Биыл өткен 9 ай ішінде жүк айналымы 5 пайыз артты. Ал транзит өткен жылмен салыстырғанда 6 пайыз өсті. Жолаушылар тасымалы айналымы 34 пайызға көбейді. Компания жұмысшы-қызметкерлердің әлеуметтік жағдайына де ерекше көңіл бөледі. Биыл жалақы 40 пайыз көтерілді. Осындай мерейлі табыстармен жеткен мереке баршаңызға құтты болсын, - деді Қ. Әлмағанбетов.    

Салтанатты шара  сала дамуына ерекше үлес қосқан еңбек озаттарын марапаттауға ұласты. Олардың қатарында өткен айда Қостанай өңірінде орын алған  алапат өрт кезінде жанқияр ерлік үлгісін көрсетіп, тілсіз жауды ауыздықтауға атсалысқан теміржолшылар мол болды.  Апаттар кезінде қозғалыс қауіпсіздігін сақтап қана қоймай, адамдар өмірін қорғауға  барын салған 17 теміржолшы «Ерен еңбегі үшін» медалімен  және «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Олардың арасында жол бригадирлері, станция басшылары, машинист нұсқаушылар, электровоз машинисті, өрт сөндіру пойызы бастығы, пойыз құрастырушылар, жөндеу шеберлері, электр механиктері болды.    

Көпшілік үшін өнерпаз теміржолшы қызметкерелер күшімен ұйымдастырылған концерттік бағдарлама, театрландырылған қойылым,  әр өңірдегі теміржолшылар жолдаған бейнесюжеттер мен флешмобтар мереке ажарын аша түсті.  

 

Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Инфрақұрылым
26.08.2026
Қазақстанның транзиттік жолдары жаңа мүмкіндіктерге жол ашты
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды