Ұлық мереке Маңғыстау теміржолында кең көлемде аталып өтті

Жаңалықтар
27.10.2022, 12:48
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Елдігіміздің белгісі болған ұлық мереке Маңғыстау теміржолында кең көлемде аталып өтті. Теміржолшылардың бас ғимаратында бас қосқан сала еңбеккерлерін бөлімше басшылығы мен кәсіподақ өкілдері құттықтады.

Маңғыстау теміржолшы-ардагерлер кеңесінің төрағасы Амандық Алдабергенов Республика күні жарияланған өткен жылдардан әдемі естелік айтты. Белгілі датаның егемен еліміз үшін маңызына тоқталып, теміржолшыларға тілегін арнады.  

Маңғыстау қосалқы бөлімі бастығының орынбасары Ғалым Әлімғалиұлы бір топ теміржолшыға түрлі марапат белгісін табыс етті. Маңғыстау станциясының парк кезекшісі Бекболсын Асқаров компания президентінің Құрмет грамотасымен марапатталса,  Сай-Өтес станциясы техникалық қызмет көрсету пункті бастығы Аманғали Жүсіпов «Адал еңбегі үшін» төсбелгісін алды. Жетекші инженер-технолог Айнұр Алдабергенова «Үздік маман» атанса, Құрық порты станциясының жүк және багаждарды қабылдап тапсырушысы Гүлжазира Жалмурзина мен тауар кассирі Айгүл Жанбузова «ҚТЖ-25 жыл» медалімен марапатталды. Мұндай марапат Маңғыстау станциясы вагондар қозғалысының жылдамдығын реттеуші Олжас Нұрмамедовке, пойыз құрастырушы Нұрмұханбет Балғабаевқа, станция қызметкері Қарлығаш Ахметоваға, жетекші бухгалтер Армангүл Ниязоваға, есепші Саламат Әшіғалиевке, компрессорлық құрылғы машинисі Жексенбай Түйебаевқа, вагон жөндеуші қараушысы Хамит Таировқа да табысталды.  

 

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды