Сыр өңірінің орталығы Қызылорда жүк станциясының 16 жолы мен бірнеше кірме жолдарынан облыстан жөнелтілетін кен, қазба өнімдері, мұнай, газ, күріш, құрылыс жабдықтары, азық-түлік түрлері жөнелтіліп-қабылданады.  Өңірдегі ірі кәсіпорындардың жүк құжаттарын рәсімдеу шаралары да аталған станциядан рәсімделеді. Станция басшылығы аймақтағы теміржол мекемелерінің жауапты тұлғаларын жинап, өткен аптаның қорытындысын жасау, жұмыс барысында туындаған мәселелердің шешу жолын қарастыру, жұмыс аптасының міндет-жоспарларын белгілеу шаралары, еңбек өнімділігін арттыруда қолданатын қалыптасқан жақсы дәстүрі саналады. Осындай игілікті шаралар әсері болса керек, өткен жылдың жұмыс жоспарын асыра орындаған станциялықтар биылғы жылдың алғашқы айға белгілеген жоспарларының денін артығымен орындап шығыпты. Техникалық бөлімнен алынған мәлімет бойынша жылдың алғашқы айында станциялықтар 970 вагоннан жүк түсіру жоспары ғана межесіне жете алмай, 785 вагоннан жүк түсіріп, 80,93 пайызға орындалыпты.  Ал қалған жұмыс көрсеткіштерінің бәрінде белгіленген жоспар артығымен орындалған екен. Мәліметтерді таратып айтар болсақ, станция теміржолшылары 2017 жылдың алғышқы айында 164 вагонға жүк тиеу жоспарын 114,6 пайызға асыра орындап, 188 вагонға жүк тиеп,  межеленген 8464 тоннаны 10 914 тоннаға орындап,  жоспар 129 пайызға орындалған. Ал 51,61 сағ. межеленген статикалық жүктеме 58,1 жетіп, жоспар112,6 пайыз орындалған. Жүк вагондарының бір жүк операциясы  кезінде 11,0 сағ тұру уақыты 10,46 сағатпен шектеліп, межелі уақытты үнемдеу жоспары 105,16 пайызға атқарылған. Жалпы алғанда көрсеткіштердің орындалу процесі көңіл қуантарлық дәрежеде. Жалпы, станция ұжымы бірінші кезекте өндірістік жарақатсыз еңбек өнімділігін арттырып, қозғалыс қауіпсіздігін сақтай отырып Ұлттық компания мақсат еткен тапсырмаларды орындауды басты назарда ұстанады.

Сабырхан НӘДІРБАЙҰЛЫ, Қызылорда