Дуальдық жүйе жемісін беруде

Жаңалықтар
10.03.2017, 14:51
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ пен Ақтөбе көлік, коммуникациялар және жаңа технологиялар колледжі бірлесе отырып, дуальды білім беру жүйесін енгізгені белгілі. Содан бері жүздеген болашақ теміржолшы теорияны өндірістік орындарда тәжірибемен сабақтастырып келеді. Рас, колледж басшылығы дуальды білім беру жүйесіндегі заңнамаларды жетілдіру керектігін айтады. Дуальды білім беру жүйесін енгізуге мүмкіндігі бар кәсіпрындарға талаптар бекітіліп, оқыту орындары, оқу полигондары және шеберханалар қажет. – Осы жүйені енгізгенімізге төрт жылдан асып барады. Ақтөбе облысында 27 кәсіпорынмен дуальды білім беру жүйесі бойынша ынтымақтастық орнатқан болсақ, оның 23-і теміржол мекемелері. Негізінен төрт бағыт бойынша, Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі, «Транстелеком» компаниясының филиалы, «Қамқор Локомотив» және Ақтөбе байланыс және белгі беру дистанциясымен қоян-қолтық жұмыс жасап келеміз, – дейді колледж директоры Жеңіскүл Мұхамбетпайызова.  Оқу орны басшысының айтуынша, бүгінде дуальды білім беру жүйесі бойынша «Қазавтожол» компаниясымен де келіссөздер жүргізіліп жатыр екен. Дуальды білім беру жүйесі Ақтөбедегі теміржолшылар даярлайтын колледжде 2013 жылы енгізіле бастады. Алғашқы жылы тәжірибе ретінде «Автоматика, телемеханика және теміржол көлігінде қозғалысты басқару», «Теміржолдағы жылжымалы құрамды пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету», «Теміржол көлігіндегі тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандықтары бойынша оқитын студенттер теміржол мекемелерінде өндірістік тәжірибеден өте бастады. Жаңа жүйе бойынша  білім беру мақсатында оқытушылар құрамы дуальды білім беру ертерек енгізілген Сингапур, Германия, Австралия, Беларусь елдеріне іссапармен барып келді. Алғашқы жылдары жаңа жүйе бойынша колледжбен серіктес болу жөнінде Ақтөбе жол дистанциясы, «Ақтөбе локомотив пайдалану депосы», «Лизинг Ақтөбе», т.б. теміржол мекемелері меморандумға қол қойды. – Колледж басшылығы «Оқу орны тек мамандарды даярлап қана қоймай, теміржол көлігінің дамуына көмектесу керек» деген қағиданы ұстанады. Дуальды білім беру жүйесі студенттерге тәжірибеден өтуде үлкен мотивация береді. Өйткені оқу орнында алған теориялық білімін тәжірибеде қолдану мүмкіндігі бар, – дейді Жеңіскүл Мұхабетпайызова. Колледж директорының айтуынша, жаңа жүйе енгізілгелі колледжден 100-ге тарта түлек Мақат, Ақтоғай, Атырау, Ақтөбе, Аягөз, Балқаш, Павлодар, Екібастұз, Қостанай жүк тасымалы бөлімшелеріне жұмысқа орналасқан.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі