Жосалы станциясының  бір топ қызметкері  теміржол маңындағы оқу ошақтары мен өзге мекемелерді аралап, қауіпті аймақтың қаупі жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Теміржол бойында болуы мүмкін тосын жайлардың алдын алу, балалардың жолға жақын маңайда ойнамауын ескерту, болат жолды кесіп өту үшін арнайы белгіленген жерлерден өтуге дағдыландыру, теміржолды кесіп өту үшін аспалы көпірмен жүру, т.т. түсіндірген  кезекті рейдке станциялықтармен қатар Ірілендірілген Қазалы жол дистанциясының телім жолшылары, ЖІІБ өкілдері, Әскерилендірілген теміржол күзеті өкілдері және вокзал бастығының кезекші-көмекшілері  қатысып, бірнеше нүктеде болып, профилактикалық шаралар өткізді. Рейд барысында Көліктегі ІІД Қызылорда станциясындағы ІІЖБ-не қарасты Жосалы желілік полиция бөлімінің полицейлері теміржол бойындағы қозғалыс қауіпсіздігіне кедергі келтіру, құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 559 бабы 5 тармағында айтылғандай, белгіленбеген жерлерде теміржол арқылы өткені үшін ескерту жасалатындығын немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатындығы түсіндіріліп, ескертілді.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Жосалы