Қазақтың келіні осындай...

Жаңалықтар
10.03.2017, 15:28
Маңғыстау жүк тасымалдау бөлімшесінің акт залында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған сайыс өткізілді. Оған темір жолдың әр саласында еңбек ететін қыз-келіншектер қатысты. Сайыстың мақсаты үйдің де, түздің де шаруасын қатар алып жүрумен қатар, отбасында адал жар, аяулы ана, он саусағынана өнер тамған ісмерлігімен ерекшеленетін әйелдерді көпке таныстырып, үлгі тұту болды. Сондықтан сайысқа қатысушылар қазақы салт-дәстүрлерге қатысты сұрақтарға жауап беру, әр түрлі материалдардан бұйым жасау, яғни қолөнер, өз өнерін көрсету сынды шарттардан өтіп, тіпті өздері жасаған тағамнан дәм де татқызды. Тартысты өткен жарыста әділқазылар алқасының шешімімен бірінші орынды  «Міне, қазақтың келіні!» деуге әбден лайық, көркем мінезіне ақылы мен ажары сай келіншек, «Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШС   №14 бекеттің су сорғы станциясының машинисі Сәуле Жариева жеңіп алды. Екінші орын бөлімшенің қойма меңгерушісі Гүлсәнем Шамшиеваға, үшінші орын Маңғыстау пайдалану локомотив депосының аға таспа талдаушының міндетін атқарушы  Гүлназ Сүлейменоваға берілді.     Бөлімше директоры Нәжімеден Ғұбашев барлық қыз-келіншектер, әйел-аналарды мерекемен құттықтап:  «Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған мейірімді жандар,  мерекелеріңіз құтты болсын! Әрқашан да шаңырақтарыңыздың берекесі болып, жүздеріңізден нұр шашып жүре беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық пен баянды бақыт тілеймін», – деді.  Жүлдегерлердің құшақтары гүлге толып, арнайы диплом мен бағалы сыйлықтармен, бірқатары директордың Алғыс хатымен марапатталды.

Әсел ТАҢАТАРОВА, Маңғыстау

Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі