Пәкістанмен байланыс артады

Жаңалықтар
15.11.2022, 09:36
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Пәкістан Ислам Республикасынан келген делегация мүшелерімен кездесті.

Кездесу барысында екі тарап инфрақұрылым, мультимодальды тасымалдар, теміржол қатынасы, халықаралық автомобиль көлігі дәліздері, әуе тасымалы және қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.  

Делегацияны федералды инвестициялар министрі Чаудри Салик Хусейн мен энергетика министрі Мусадик Масуд Малик бастап келді. Қазақстандық тарап отандық компаниялардың Пәкістанға химиялық өнім түрлерін жеткізу экспортын ұлғайтуға мүдделі екендігін атап өтті. Өз кезегінде Пәкістан тарапы өз порттарын, атап айтқанда Араб теңізінің жағалауындағы Карачи теңіз портын және Пешавар, Исламабад және басқа да ірі қалалармен автомобиль және темір жолдармен байланысқан Лахор құрғақ портын пайдалану мүмкіндіктері туралы хабардар етті.  

Екі тарап көлік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан – Пәкістан бірлескен жұмыс тобының екінші отырысы шеңберінде ынтымақтастық мәселелерін одан әрі егжей-тегжейлі қарауға уағдаласты. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі арттыру үшін зор әлеуеттің бар екендігін атап өтіп, уағдаластықтарды дипломатиялық арналар арқылы растауға келісті.

 

Жаңалықтар
21.06.2026
Жолаушылар пойызының машинисі бес жасар баланы басудың алдын алды
Жаңалықтар
20.06.2026
Алатау қаласында жаңа автокөлік көпірі пайдалануға берілді
Жаңалықтар
20.06.2026
Ақтау порты: Иран ҚР теңіз инфрақұрылымымен танысты
Жаңалықтар
20.06.2026
Қазақстан мен Иран порт инфрақұрылымы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Жаңалықтар
19.06.2026
ҚТЖ Huawei-мен серіктестікте магистральдарды цифрлық трансформациялауды күшейтеді
Жаңалықтар
19.06.2026
ҚТЖ және итальяндық DBA Group терминалдарды басқарудың цифрлық жүйесін енгізу бойынша таныстыру кездесуін өткізді
Инфрақұрылым
19.06.2026
Бозшакөл станциясында жолаушылар платформасы жаңартылды
Жолаушылар тасымалы
19.06.2026
Ұлттық тасымалдаушы жоғалған отырғызу талонын қалпына келтіру жолын түсіндірді
Басты жаңалықтар
19.06.2026
Үкімет: сала дамуы сөз болды
Аймақтар
19.06.2026
Ақтөбеде локомотив паркі жаңаруда
Қауіпсіздік
19.06.2026
Дегелең мен Семей станциялары аралығында теміржол мүлкі мен жүк қауіпсіздігі тексерілді
Спорт
19.06.2026
Теміржолшылар арасындағы футбол турнирінде «Батыс» өңірлік филиалы жеңіске жетті
Инфрақұрылым
19.06.2026
Сапалы жол – қауіпсіздік кепілі
Жаңалықтар / Мұрағат
19.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №47 19 маусым 2026 жыл
Спорт
18.06.2026
ҚТЖ-да футзалдан чемпионат өтуде
Жаңалықтар
18.06.2026
ҚТЖ пойыздарды басқарудағы Испанияның цифрлық тәжірибесін зерттеді
Әлемде
18.06.2026
Өзбекстанда тағы екі бағытта жоғары жылдамдықты пойыздар қатынайды
Аймақтар
18.06.2026
Тараздық түлектер теміржол саласындағы бос жұмыс орындарымен танысты
Аймақтар
18.06.2026
Жақсының аты өлмейді
Аймақтар
18.06.2026
Теміржолдағы 40 жылдық еңбек