Кірме жолдар кінәратын жоймақ
Жаңалықтар
14.03.2017, 13:50
Бүгінде жеке меншік иелерінің құзырына көшкен кірме жолдар күйі мен күтіміне сын аз айтылып жүрген жоқ. Оның бір себебі соңғы кездері жиілеп кеткен кірме жолдарда орын алып отырған вагондардың жолдан шығып кетуі сынды келеңсіз құбылыстар екені даусыз.
Өткен аптада Астана станциясында кірме жол тармақ иелерінің қатысуымен басқосу өтіп, онда көктемде болатын ағын сумен күрес, кірме жолдардың ақаулы тұстарын анықтап, кінәратын тауып, оларды дер кезінде жою мәселелері талқыланды.
–«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы бойынша кірме жолдарда құрамдардың жолдан шығып кетуді биылғы жылы Ақмола бөлімшесіне қарасты Астана, Қырқыншы станциялары бастады. Қаңтар-ақпан айларында кірме жолдарда құрамдардың жолдан шығып кеткен екі оқиғасы тіркелді. Бұл әрине, бізге үлкен сын. Алда жауапты кезең күтіп тұр. Ағын сумен күрес басталды. Кірме жолдарда «сход» болмағаны бізге де, сіздерге де жақсы, ол үшін не істеу керек? Бұған дейін осы мәселеге қатысты Көліктегі бақылау комитетінің, прокуратура өкілдерінің қатысуымен Көкшетауда жиналыс өтті. Бүгінгі басқосудағы мақсат – сіздердің келісімдеріңізбен, яғни, жазбаша түрде рұқсат берген хаттарыңызды негізге ала отырып, Көліктегі бақылау комитетінің, Ірілендірілген Астана жол дистанциясының және Астана станциясының мамандарының қатысуымен кірме жолдарға профилактикалық тексеріс жүргізу мәселесін шешу. Бұл жоспарлы тексеріс емес, сондықтан одан қорқудың еш қажеті жоқ және де анықталған кемшіліктерге қатысты ешқандай айыппұл салынбайды. Мақсат кірме жолдарды жауып тастау емес, керісінше, ақаулы тұстары мен кем-кетігін анықтап, сіздерге оларды түзету әрекеттері жөнінде ұсынымдар беру. Сөйтіп, вагондардың жолдан шығып кетуін болдырмау. Көктем және күз мезгілдері ақаудың жиі болатын кезеңдері. Бағыттағыш бұрмаларда, кірме жолдарда батпандай болып қатып қалған мұздың уақытылы тазаланбауы вагондардың жолдан шығуына әкеледі. Сондықтан тар жерлерді, кірме жолдардағы ауытқушылықтарды, тағысын тағы кемшіліктерді дер кезінде жойып, түзету арқылы біз қозғалыс қауіпсіздігін сақтай аламыз. Мұндай алдын ала қам-қарекет жасау сіздер үшін де, біз үшін де тиімді болмақ, – деді станция директоры Әділет Айтбек көпшілікке қарата.
Білгеніміздей, ҚР «Темір жол көлігі туралы» заңына енгізілген өзгерістерге сай темір жол әкімшілігі қазір ертеректегідей кірме жолдарды олардың иелерінің рұқсатынсыз тексеруге құқығы жоқ екен. Тек кірме жолдар иелерінің рұқсатымен және Көлікті бақылау комитетінің жоспарлы тексерісі шеңберінде тексеру жүргізе алады. Сондықтан наурыз және сәуір айында қардың еруіне байланысты болатын ағын сумен бірлесе күресу қажеттілігі туындап отыр.
АЖТХ техникалық директоры Ринат Мұхамедұлы, кірме жолдармен жанасатын бағыттағыш бұрмалар Ірілендірілген Астана жол дистанциясының балансында екенін айтады, бірақ, адам қолы жетіспейтіндіктен, жүк тиеуге вагондарды берер алдында кірме жолға иелік етуші кәсіпорын жұмысшылары жолдарды тазалап, тұруға шақырды.
–Жүк тиеуге вагондардың кешікпей берілуі, ешқандай кедергі-бөгеттің болмауы үшін кірме жолдарда және олармен жанасатын бұрмаларда көктайғақ мұз қабатын алып тастаңыздар. Себебі, Ірілендірілген Астана жол дистанциясы қазіргі сәтте бар күшін Астана станциясы басында ағын сумен күреске жұмылдырып жатыр. Олар сіздерге тек екінші немесе үшінші тәулікте келуі мүмкін. Тағы бір маңызды мәселе, егер сіздің жолыңызды ағын су басып, мұз құрсауына оранған болса, онда диспетчерге хабарласып, мән-жайды айтыңыз. Өйткені, біз вагондарды жасақтап, апарғанда жолдарыңыз «мұз айдыны» болып жатса, кешіріңіздер, вагондарды жүк тиеуге бере алмаймыз, қайтып алып кетеміз, тек жылжымалы құрамға қолайлы жағдай туындағанда ғана қайта береміз. Сізге де, бізге де вагондардың уақытылы беріліп, жүк тиеліп, діттеген жеріне жөнелтілгені дұрыс. Ал жаңағыдай жағдайда вагон жолдан тайып кетуі әбден мүмкін, сондықтан тәуекелге бара алмаймыз. Қазір сіздер өз аумақтарыңыздан қар шығарып жатырсыздар, бұл құптарлық іс. Бірақ, өз аумақтарыңыз болмаса да, кірме жолдарыңызға жақын жерде жатқан қарды да шығаруды ұмытпаңыздар. Өйткені, ол қар еріп, бәрібір сіздің жолдарыңызды күндіз су болып басып, түнде тоң болып қатады. Әсіресе, оңтүстік жағындағы Технопарк кірме жолдарында су көп жиналып, өзенге ұласатындай қауіп бар, – дейді Ринат Мұхамедұлы.
Бұдан кейін ол кірме жолдар жағдайына тоқталды. Оның айтуынша, бүгінде көптеген кірме жолдардың, яғни 90 пайыздан астамының техникалық жағдайы мәз емес. «Көпшілігінің стрелкалары алмастырылмаған, үшкірленбеген, ал кірме жол иелері бұл темір жолдарды әбден зорығып, шаруасы біткенше пайдалануда. Тіпті, қозғалыс қауіпсіздігі ревизорымен бірге жүргізілген тексеріс нәтижесінде біздің берген актілерімізді қаперіне алмайтындар да бар. Қауіпсіздікке нұқсан келтіретін кемшіліктерді анықтап бергеннің өзінде, он күннен кейін бақылау байқауын жүргізсек, баяғы жартас – бір жартас қалпында тұр. Егер сіздің кірме жолда вагон жолдан шығып кеткен жағдайда, жолдың техникалық жағдайына байланысты «сходтың» барлық шығыны кірме жол иелері еншісіне жазылады. Сондықтан бұл жағдайға жеткізудің қажеті не?» деген АЖТХ техникалық директоры кірме жолдарға қажетті үшкірлер, айқастырмалар, стрелкаларды қайдан табуға болатынымен де бөлісті және таяу уақытта проблемалар туындауы ықтимал кірме жолдарға жеке-жеке тоқталып, шұғыл түзетуді талап етіп отырған кемшіліктерді тізіп шықты.
Астана станциясының директоры келелі кеңесті қорытындылай келіп, кірме жол иелерін білікті мамандардың қатысуымен өтетін «тегін», яғни кемшіліктерді түзетуге ұйғарымдар берілетін профилактикалық тексеріс жүргізуге келісім беруге шақырды. «Өйткені, жоспарлы тексеріс кезінде кірме жолдарды жауып, вагондарды бермей қойып, жұмыс үдерісін қиындатқаннан гөрі «келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей, ортақ шешімге келіп, кірме жолдар кінәратын бірге жоялық. Сонда сіздер де, біздер де кірісімізді жоғалтпай, ақау салдарынан келетін қып-қызыл шығынның алдын алатын боламыз» деп түйіндеді сөзін Әділет Айтбек.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі