Алматы – Ташкент пойызы жүреді

Жаңалықтар
14.03.2017, 14:13
Сәуірден бастап Шымкенттен шығатын «Отырар» жолаушылар пойызының кестесімен Алматы – Ташкент арасына «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған жолаушылар пойызы қатынамақ. 4 KZ А маркалы отандық электровоздың тартымымен жүретін жүрдек пойызды тасымалдауға аймақтағы локомотив бригадалары дайындалуда.  – Шымкент локомотив айналым депосының машинистері аталған пойызды Тараздан қабылдап, Шымкентке жеткізеді. Он минуттың ішінде локомотив бригадалары ауысып, келесі машинистер Сарыағашқа дейін барады. Шекаралық бекетте біздің локомотив ағытылып, өзбектер өз локомотивтерін жалғап, Ташкентке алып кетеді. Ташкентте тексеруі мен демалуы 4 сағатты құрайды. Ол уақытта біздің машинистер тынығып, қайтадан сол құрамды күтіп алып, кері қарай қайтады, – дейді Арыс локомотив пайдалану депосының директоры Қалдыхан Өтегенов. Аталған жолаушылар пойызын жүргізу мәселесі Елбасының 2015 жылы Өзбекстанға барған сапарында көтеріліп, 2016 жылы қолға алынатын болған. Алайда сәті енді түскендей. Депо директорының айтуынша, барыс-келіспен қатар, сауда-саттық артып, Алматыдай үлкен шаһарда көкөніс арзандауы мүмкін. Себебі, әр адамға 36 келіден жүк артуға рұқсат берілген, әрі жүк багажына арналған вагон тіркеледі.  

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
22.07.2026
Жас теміржолшылар Абай еліне рухани саяхат жасады
Әлемде
22.07.2026
Ауғанстанның Пәкістан арқылы өтетін транзиттік саудасы күрт қысқарды
Әлемде
22.07.2026
Өзбекстанда «Ташкент – Хиуа» бағыты бойынша қосымша жүрдек пойыз іске қосылады
Жолаушылар тасымалы
22.07.2026
Елімізде жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жалғасуда
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ қызметкерлеріне арналған барлық сервис енді бір платформада
Инфрақұрылым
21.07.2026
Ақтөбе облысында вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Спорт
21.07.2026
Теміржолшы Эльбрус шыңында ҚТЖ туын көтерді
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты
Қауіпсіздік
21.07.2026
Теміржол өткелдерінде профилактикалық рейдтер жалғасуда
Сұхбат
21.07.2026
Теміржол тарихындағы ең ірі жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда
Әлеумет
21.07.2026
ҚТЖ атынан хабарласатын телефон алаяқтары көбейді
Жаңалықтар
21.07.2026
Еліміздің вокзалдарында кедергісіз орта қалыптасуда
Цифрландыру
21.07.2026
Ақтөбе теміржолы цифрландырудың жаңа деңгейіне өтуде
Инфрақұрылым
21.07.2026
ҚТЖ жыл басынан бері темір жолдың 686 шақырымын жаңартты
Жаңалықтар / Мұрағат
21.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №55 21 шілде 2026 жыл
Аймақтар
20.07.2026
ҚТЖ компаниядағы мемлекеттік тілдің үлесін 92 пайызға жеткізуді көздеп отыр
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
№81/82 «Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады
Инфрақұрылым
20.07.2026
ҚТЖ Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысын жеделдетеді
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ISO халықаралық төрт стандарты бойынша сертификаттарға ие болды