МАҚСАТ – ЖАРАҚАТСЫЗ ЖҰМЫС ЖАСАУ
Жаңалықтар
14.03.2017, 14:35
Маңғыстау вагон пайдалану депосында ақпанда өткен еңбек қорғауға байланысты айлық шара мақсаты өндірістік жарақат оқиғаларына жол бермеу, алдын алу болып табылады.
Айлық өткен жылдың 28-29 қаңтар күндері Алматы, Атырау бөлімшелерінде бірі пойыз құрастырушы, бірі жүк қабылдаушы, екі бірдей теміржолшылардың аяқ асты өндірістік жарақат алуына байланысты жұмыс барысындағы келеңсіз жайттардың алдын алу және жұмысшыларды жарақатсыз жұмыс жасауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Десек те, маңғыстаулық вагоншылар апатты құбылыс, күтпеген оқыс оқиғалардан әрдайым хабардар болып, қол қойып, танысып отырады, өндірістік процесс кезінде қандай қателік кетті? Бұл қателік адамнан ба әлде техника, құрал-сайманнан ба, жарақаттанудың себеп-салдарына шолу жасайды.
Жасыратыны жоқ, өндірісте жарақат алу немесе бақытсыз оқиға салдары көп жағдайда адами факторға байланысты орын алатыны дәлелденген шындық. Бұл әрине, жұмысқа немқұрайлы қараудан немесе абайсыздықтан болады. Сол үшін ВЧД-33 мекемесінде жыл сайын техникалық қызмет көрсету бөлімінің бастығынан бастап шаруашылық қызметкерлеріне дейін арнайы кесте бойынша еңбек және электр қауіпсіздігінен емтихан тапсырады. Биылғы емтихан 15 ақпаннан басталыпты, наурыздың ортасына дейін жаслғаспақ. Оған еңбек қорғау жөніндегі бас инженер, кәсіподақ комитетінің төрайымы, басқа да басшы құрамдардан келіп қатысып отырады. Мұнда жұмысшылардың білім деңгейі сарапқа салынып, нұсқаулықтар бойынша сұрақтар қойылады. Бұдан бөлек, мекемеде күн сайын 12 сағаттың ішінде 3 рет тексеріс жүреді. Тексерудің бірінші сатысында жұмысшылардың құрал-саймандары, яғни күнделікті қолданатын балғасы, шапқышы, тескіші, т.т. еңбек қорғауға сай ма, тексеріліп, кемшіліктер болса ескертіліп отырады. Екінші бір тексеру, вагон қараушылардың жұмыс киіміне, тамақтануына қатысты. Киімі бүтін, тамағы тоқ адамнан ғана жұмыс талап етуге боалтынын айтпаса да түсінікті. Үшінші тексеріс – жұмыстың аяғында өтеді. Бұл күнделікті жұмыс тәртібінің сақталуы, жұмыстың нұсқаулыққа сәйкес жүруі үшін маңызды.
─ Жұмыс барысында жарақат алған бір ғана жағдай бізде 2005 жылы тіркелді. Одан кейін оқыс оқиғалар болған емес. Айлық шараны өзге аймақтарда жарақат алудың көбейіп кеткендігіне байланысты өткіздік. Дегенмен, әр адам өз қауіпсіздігіне жауапты болғаны жөн. Шараға сәйкес, 22 тұйық, 16 бекет, Ералы, Боржақты – Ерсай сияқты бақылау посттарына аншлагтар іліп қойдық. Олар бір ай бойы тұрса, мына папка бір жыл бойы сақталады. Себебі, бізге келген тексерушілер айлық барысында қандай жұмыстар жасалғанын, жоспардың қалай орындалғанын сұрайды, – дейді Маңғыстау вагон пайдалану депосының техникалық қызмет көрсету бөлімінің бастығы Жұмабек Якупбаев.
Депода әр аптаның үшінші күні қауіпсіздік күні өтеді. Онда да пойыз, жұмысшылардың киімі, құрал-саймандары, керек-жарағы, парктегі сөрелер, жарықтандыру, дауыс зорайтқыш сигналдары, радиостанция, жұмыс өрнектері, компрессорлар, т.б. түгел тексерістен өтеді. Бақылау постындағы адамдардың пойызды қалай, қай жерден, не мақсатта күтіп алғандығы сұралып, тексеру кітабына жазылып отырады.
Маңғыстау вагон пайдалану депосында жыл басталғалы еңбек қауіпсіздігін бұзған немесе жарақаттанған, сөгіс немесе қатаң ескерту алған жұмысшылар тіркелмеген. Бұған бір себеп, вагон қараушылармен жиі өткізілетін әңгімелесу сабақтары болса керек. Мысалы, 25 қаңтарда өткен әңгімелесу барысында Жұмабек Якупбаев 2008 жылдан 2016 жылға дейін ҚТЖ-да 81 вагонның бүйір рамасының ақауы анықталып, оның себеп-салдарлары туралы әңгімелеп берді.
Әрине, кез-келген вагон қараушының ең бірінші қаруы – көзі. Қырағылық болса керек. Мысалы, кейбір вагондар теңселіп келе жатуы, кейбірінің жүгі қолайсыз тұрған болуы мүмкін. Нағыз кәсіби маман вагондағы ақауды анадайдан келе жатып, дыбыс арқылы-ақ анықтай алатын көрінеді.
–Келе жатқан жүк құрамы қауіпті. Тиелген жүк кислота не аммиак, көмір болуы және олар шашырап, не тамып, не ағып келе жатқан болуы мүмкін. Вагон қараушылар міндетті түрде пойызды күтіп алуы керек. Бұл ережеде көрсетілген. Күтіп алып, ақауы болса анықтап, кемшілікті жойып, құрамды жолға бүтін, сау кейде шығарып салып отыруы керек. Сонымен қатар, вагон қараушы өз қауіпсіздігін де естен шығармай, кенеттен көлденең қырсыққа ұшырап, жарақат алмау жағын естен шығармауы керек, – дейді ол.
Маңғыстау вагон пайдалану депосы техникалық қызмет көрсету бөлімінің бастығы Жұмабек Якупбаевтың цехында 122 адам жұмыс істейді.
Әсел ТАҢАТАРОВА, Маңғыстау
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
22.07.2026
Жас теміржолшылар Абай еліне рухани саяхат жасады
Әлемде
22.07.2026
Ауғанстанның Пәкістан арқылы өтетін транзиттік саудасы күрт қысқарды
Әлемде
22.07.2026
Өзбекстанда «Ташкент – Хиуа» бағыты бойынша қосымша жүрдек пойыз іске қосылады
Жолаушылар тасымалы
22.07.2026
Елімізде жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жалғасуда
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ қызметкерлеріне арналған барлық сервис енді бір платформада
Инфрақұрылым
21.07.2026
Ақтөбе облысында вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Спорт
21.07.2026
Теміржолшы Эльбрус шыңында ҚТЖ туын көтерді
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты
Қауіпсіздік
21.07.2026
Теміржол өткелдерінде профилактикалық рейдтер жалғасуда
Сұхбат
21.07.2026
Теміржол тарихындағы ең ірі жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда
Әлеумет
21.07.2026
ҚТЖ атынан хабарласатын телефон алаяқтары көбейді
Жаңалықтар
21.07.2026
Еліміздің вокзалдарында кедергісіз орта қалыптасуда
Цифрландыру
21.07.2026
Ақтөбе теміржолы цифрландырудың жаңа деңгейіне өтуде
Инфрақұрылым
21.07.2026
ҚТЖ жыл басынан бері темір жолдың 686 шақырымын жаңартты
Жаңалықтар / Мұрағат
21.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №55 21 шілде 2026 жыл
Аймақтар
20.07.2026
ҚТЖ компаниядағы мемлекеттік тілдің үлесін 92 пайызға жеткізуді көздеп отыр
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
№81/82 «Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады
Инфрақұрылым
20.07.2026
ҚТЖ Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысын жеделдетеді
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ISO халықаралық төрт стандарты бойынша сертификаттарға ие болды