Достықтың алтын көпіріне айналғай...  

Жаңалықтар
18.03.2017, 10:32
 Әз Наурыз мерекесі биыл теміржолшылар үшін жағымды жаңалықпен басталғалы отыр.  21 наурыз күні оңтүстік астанадан «Алматы – Ташкент» бағдарында халықаралық жолаушылар пойызын шығарып салу салтанаты өтпек. Қазақстан және Өзбекстан республикаларының Үкіметтері арасындағы келісім шеңберінде ұйымдастырылып отырған жаңа бағдар болашақта ықылым заманнан бері көршілес жатқан бауырлас қос елдің арасындағы байланыстың алтын көпіріне айналады деген үміт бар. Біз Астана іргесіндегі индустриялдық парктегі «Тұлпар-Тальго» зауытына барып, көрші елге аттанатын отандық өнім үлгісімен танысып қайтқан едік. Кең қорапты «Тұлпар-Тальго» құрамдарынан жасақталған пойыз құрамындағы барлық типті вагондар жаңа үлгіде жасалған, интерьері мен дизайны түгел өзгерген. Бұл вагондардың орындықтары мен багаждары жетілдірілген. Әр бизнес-класс вагонының қолжуғыш пен шағын үстелдері бар. Гранд-класс вагондарда да жолаушыға барлық жайлылық жасалған. Мүгедек жандар үшін де қолайлылық бар, айқара ашылатын кіре беріс есіктер, кең дәліз, жиналмалы көтергіш жабдықтары қарастырылған. Алматы мен Ташкентке қатынайтын «Тұлпар-Тальго» вагондары да осы соңғы дизайнмен жасталған. Вагондар қорабының ені 25 сантиметрге кеңейтілсе,  биіктігі 22,4 сантиметрге көтерілген.  №1/2 «Алматы – Ташкент» халықаралық жолаушылар пойызы 29 вагоннан тұрады. Алматыдан аптасына екі рет дүйсенбі, сенбі күндері шықса, Ташкенттен сейсенбі, жексенбі күндері кері қарай шығады. Пойыз жолды 16 сағат 30 минутта жүріп өтеді. Отар, Шу, Тараз, Шымкент, Сарыағаш, Ташкент станцияларына аялдайды. Пойыздың бағасы Алматыдан Ташкентке дейін: люкс – 13 036 теңге, бизнес – 11 077 теңге, купе – 9 342 теңге және отыратын орындары – 4 228 теңгені құрайды. Кең қорапты пойыздар «Алматы – Астана» бағдарында 2016 жылғы 11 желтоқсаннан жүре бастаса, «Алматы-2 – Шымкент» пойызы 2017 жылғы 1 қаңтарда жолға шыққан болатын. Қазіргі кезде 14 жүрдек пойыз бағдарлары республиканың барлық облыс орталықтарына қатынайды. –Біз былтыр «Тұлпар-Тальго» ЖШС мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ арасында жасалған ұзақмерзімді келісімшарт шеңберінде 116 вагоннан тұратын 4 құрамды жасап, оны желтоқсан айында тапсырдық. Бұл тапсырыс берушінің тапсырмасына орай жетілдіріліп жасалған кең шанақты вагондар. Қазір бұл вагондар қолданыста, сәтті қызмет етуде, «Жолаушылар тасымалы» АҚ тарапынан ешбір шағым түскен жоқ. Биыл біз барлығы 58 вагоннан тұратын екі құрамды тапсыратын боламыз. Қазір сол вагондарды құрастыру үстіндеміз. Желтоқсан айында пайдалануға тапсырамыз деп межелеп отырмыз. Жалпы екі кәсіпорын арасында 2021 жылға дейін жасалған  ұзақмерзімді келісімшарт бойынша 608 вагон жасап, тапсыруымыз керек. Вагондарымыз Ресейде сынақтан өтіп, сертификатталған, – дейді «Тұлпар-Тальго» ЖШС Өндірістік директордың орынбасары Владимир Кисилев. Оның айтуынша, қазір «Қазақстанда жасалған» таңбасымен құрастырылып жатқан тальголық вагондардағы қазақстандық үлес шамамен 30 пайыз деңгейін құрайды екен.  Қазақстандық үлес вагон типіне қарай әртүрлі. Ең көп, яғни 30 пайыздық отандық үлес «Турист» санатындағы вагонда көрінеді. Қазақстанда металды құрылым жасалса, есік, терезелерді ресейлік компаниялар жтекізуде, ал вагон интерьері де испандық және ресейлік кәсіпорындардың қатысуымен жасалуда.   Толық қуатында жұмыс істеп жатқан жолаушылар вагонын құрастырушы зауыт экспортқа «Тұлпар-Тальго» вагондарын дайындауға да әзір екен. Қазір қазақстандық вагонға тек Иран елі қызығушылық білдіріпті. «Біздің вагондардан жасақталған бір пойыз Иран елінде сынақтан өтіп келді. Өзін жақсы жағынан көрсетіп, ирандықтар ризашылығына бөленді. Қазір бұл елмен келіссөздер жүргізілуде. Өзара әрекеттесу туралы меморандумға қол қойылған. Бірақ, нақты келісімшарт жоқ», – дейді Владимир Викторович. Екі жүзге жуық адам еңбек көрігін қыздырған зауытты аралап жүріп, оның тап-таза, заманауи жабдықтармен жабдықталып, еңбек қауіпсіздігі тәртібінің қатаң сақталғанына куә болдық. Жұмысшылар арнайы киіммен жабдықталып, жаңа құрал-аспаптармен жарақтандырылған. Жұмысқа түсер алдында міндетті түрде еңбек қорғау, еңбек және техника қауіпсіздіктеріне қатысты нұсқамалар өтіп тұрады. Жалақының берілуі жағынан да кінәрат жоқ. Қыста жылы, жазда қоңыр салқын. Асхана тұрақты жұмыс істейді. Қазір зауыт жұмыскерлері бес күндік жұмыс кестесіне көшкен. Жыл соңына қарай жұмыс көлемі көбейгенде екі ауысымдық кестеге көшулері мүмкін.

 Сұлугүл БАКЕСОВА

Жаңалықтар
16.06.2026
«Нұрлы жол» вокзалындағы бірегей теміржол мұражайы 300 астам келушіні қабылдады
Жүк тасымалы
16.06.2026
ҚТЖ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тасымалына 70% жеңілдік енгізді
Жүк тасымалы
16.06.2026
Қазақстандағы жүк айналымының 57%-ы теміржол арқылы жүзеге асырылады
Цифрландыру
16.06.2026
Ұлттық компания теміржол қауіпсіздігін цифрлық жүйелер арқылы күшейтуде
Аймақтар
16.06.2026
Келбеті келіскен вокзалдар көз тартады
Аймақтар
16.06.2026
Ақтөбедегі зауыт Р50 рельсін өндіруді бастады
Аймақтар
16.06.2026
Атырау теміржолшылары жаңартылған Ата Заңның маңызын талқылады
Темір жол тарихы
16.06.2026
Шежірелі шойын жол тарихы
Спорт
16.06.2026
Маңғыстау теміржолшылары бильярдтан үздіктерді анықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
16.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №46 16 маусым 2026 жыл
Әлемде
15.06.2026
Биыл «Қытай-Орталық Азия» бағытында 15 мыңнан астам пойыз жөнелтілген
Қауіпсіздік
15.06.2026
Қозғалыс қауіпсіздігін бұзу дерегі азайған
Аймақтар
15.06.2026
Жүк пойызының машинистері апаттың алдын алды
Инфрақұрылым
15.06.2026
Кабул дәлізінің құрылысы қақтығыстарға қарамастан жүргізіледі
Жаңалықтар
14.06.2026
ҚТЖ еріктілері балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін бірегей теміржол мегамузейіне саяхат ұйымдастырды
Жаңалықтар
14.06.2026
Орталық дәліздің экономикалық пәрмені
Жаңалықтар
14.06.2026
Azerbaijan-Kazakhstan Sea Cable System жобасының жаңа кезеңі
Жаңалықтар
13.06.2026
Астанада Қазақстан темір жолдары тарихының мұражайы ашылды
Жаңалықтар
12.06.2026
Абай облысында қайта жаңартудан кейін Ауыл және Белағаш станцияларының вокзалдары ашылды
Жүк тасымалы
12.06.2026
Астық және ұн экспорты 13%-ға өсті