827 ауыр салмақты жүк пойызы жөнелтілген

Жаңалықтар
09.06.2016, 09:42
Оқуға 2 мин
Жамбыл жол бөлімшесінде негізгі өндірістік көрсеткіш – жүк айналымы ағымдағы жылдың 4 айында 6508,4 миллион тонна/км құрап, жоспардан 6,5 пайызға немесе 395,4 миллион тонна км артты. Жалпы жүк тиеу көлемінің 32,7 пайызын химиялық тыңайтқыштар, 18,7 пайызын цемент өнімдері құрап отырғанын атап өткен жөн. Былтырғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда жоспар 30,8 пайызға асыра орындалды. Химия, цемент өнімдерімен қатар, мұнай, қара металл сынықтары, химикаттар, сода, астық және басқа да ерекше маңызға ие жүктерді тиеу көлемі артты. Вагонға статистикалық жүктеме жоспары 1,5 пайызға немесе 0,51 тонна/вагонға көбейді. Жол бөлімшесінде биылғы жылдың алғашқы тоқсаны ішінде 827 ауыр салмақты жүк пойызы жөнелтіліп, жоспардан тыс 405,563 мың тонна жүк тасымалдануына қол жеткізілді. –  Біздің негізгі міндеттеріміздің бірі – жүрдек пойыздардың жылдамдығын көтеруге мүмкіндіктер жасау. Жоғары жылдамдықта қозғалыс қауіпсіздігін күшейту, апатқа жол бермеу мақсатында биылғы төрт ай ішінде «СМД-80» машинасын қолданумен жолдың 3,126 шақырымында күшейтілген-орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 3891 темір-бетон, 1 және 2 типті 2410 ағаш шпал ауыстырылды. Жамбыл жол бөлімшесі 2015 жылы бюджетке 2464698 мың теңге, ал биылғы 4 айда 674 880 мың теңге салықтық аударым жасады. Бөлімшеге қарасты компания филиалдары мен еншілес мекемелерінде қызмет атқаратын 10 мыңнан астам теміржолшылардың  қажырлы еңбектері осындай жетістіктерге қол жеткізуге, жұмыс сапасы мен қозғалыс қауіпсіздігінің артуына игі ықпалын тигізуде. Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында атап көрсетілген жаңа экономикалық саясат бойынша «Шу-Алматы» бағытындағы екінші  жол салу жобасын «Теміржолжөндеу» және «Жолжөндеуші» компаниялары жүзеге асыруда.  2015 жылы 1 181 189 мың теңге, ал биылғы жылдың 4 айында 80 540,527 мың теңге игерілді, – дейді Жамбыл жол бөлімшесінің директоры Дәулетбай Есімбеков.

Ерман ӘБДИЕВ, Жамбыл

Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді