Жас теміржолшылар өнерлерін паш етті

Жаңалықтар
16.12.2022, 11:59
Суреттерді түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Форумның алғашқы күні кешкісін «Өңірлер визиткасы» таныстыру бағдарламасында әр өңір жастары өздерін түрлі өнердің басын қоса отырып таныстырды. Бұл форумның ең қызықты және теміржолшылардың бойындағы таланты мен өнерін көпшілікке паш ететін маңызды бөлігі саналады.

Биылғы таныстыру елімізде және әлемдегі танымал кино, мультфильмдер желісінде өздерінің өнерін көрсету арқылы ерекшеленді. Сахнаға 13 өңірден келген командалар шықты. Алғаш болып Көкшетау мен Қостанай теміржолының біріккен құрама командасы ортаға шығып, Қолтырауын Гена және Чебурашка мультфильмінің кейіпкерлері арқылы қойылым көрсетті. Станция қызметкерлеріне ревизорлық тексеру жүргізуден басталған қойылым соңы мультфильмдегі танымал әнге теміржол тақырыбына ыңғайлап сөз жаза отырып, соны орындаумен аяқталды.  

Екінші өнер көрсеткен Павлодар командасы «Сақиналар қожайыны», «Арыстан патша», «Қазақ хандығы» секілді кино туындылардың видеосын сахнада қосып, бірақ сөздерін өздерінше дубляждау арқылы темір жолға қатысты қызу жұмысты әдемі әзілмен жеткізді. Келесі шыққан Қарағандылық жастар сахнаға киіз үй тігіп, ұлттық нақышта қазақ хандығы туралы фильмдер желісінде тарихи деректерге негізделген қойылым қойды. Одан әрі Шығыс Қазақстан мен Абай өлкесінің біріккен командасы Семей полигонына қатысты қасіретті жылдардың тарихи оқиғасын сахнаға алып шықты. Теміржолшылардың рөлді шынайы ойнағаны сонша, көзге жас алмау мүмкін емес еді. Әсіресе, басты рөлдердің бірі – полигон зардабын тартқандарды емдейтін ауруханадағы дәрігердің рөлін сомдаған Арайлымның өнері көпшілікті ерекше тәнті етті.  

Алматының темір жол жастары сахнада үнді киноларының желісінде арнайы костюммен би билеп, ән айтып, өнер көрсетті. Ал Жамбылдық жастар «8 миля» киносының желісімен қазақша рэп айтып, темір жол туралы қызықты шумақтарды әуенмен айтты. Шымкент жастары «Жау жүрек мың бала» фильміндегі Сартайдың қол бастайтын сәтін сәтті дубляждау арқылы, форумға келу мақсатын әдемі жеткізді. Сондай-ақ бір теміржолшы күй тартып, қамшы сыйлау, бата беру секілді дәстүрлерді де қосты. Қызылорда жастары «Дос-Мұқасан» ансамблінің образымен ретро әндердің сөзіне теміржол тақырыбын арқау етті. Ақтөбе командасы Пираттар туралы фильм желісінде кәсіби би қойылымын қойып, әдемі костюмдерімен ерекшеленді. Оралдықтар да «Қағаз үй» фильмі желісінде тек арнайы костюмдер киіп, би билеумен шектелді. Ең қызықты қойылымды Атырау командасы «Келінжан» фильмін теміржол тақырыбына икемдеу арқылы көрсетті. Мұнда да Дариға мен Қылыш рөлін сомдаған теміржолшылардың өнері кәсіби актерлерден кем түспеді. Маңғыстау жастары Желтоқсан оқиғасын шынайы сахналай отырып, тарихи күн қарсаңында көтерілістің маңыздылығын түсіндіріп кетті. Көрерменге басты рөлде Қайрат Рысқұлбековтің рөлін сомдаған ВЧД-33 қызметкері Қуатбектің өнері ерекше ұнады. Соңғы шыққан Астана командасы «Қара адамдар» киносының желісінде заманауи қойылым қойды.

Байқауға «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС техникалық саясат департаментінің бас менеджері Дулат Айдынбаев, осы серіктестіктің корпоративтік мәселелер бойынша бас директорының орынбасары Досбол Кулекеев, кадрлық әкімшілік департаментінің директоры Аяужан Баймақанқызы, компанияның Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Сәуле Истлеева, «Магистральдық желілер дирекциясы» филиалының адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Руслан Барбасов және «СВ ҚТЖ» КВН командасының негізін қалаушы Бақытжан Ескенов қазылық етті. Қатысушылардың өнеріне ерекше ризашылығын білдірген қазылар алқасының мүшелері сайыс қорытындысын форумның соңғы күні жабылу салтанатында жариялады.

– Бүгін сіздер жастықтың жалынды күш-қуатын көрсетіп, сахнада жұлдыздай жарқырадыңыздар. Мында көрермен ретінде көріп отырған біздердің өзіміз ортаға шығып, сіздермен бірге өнер көрсеткіміз келіп кетті. Бұл – ұлы өнердің құдіреті және сіздердің талантыңыздың арқасы. Көзімізге жас алып та, рахаттана күліп те, түрлі күйге түстік. Қай-қайсыңыз да жоғары нәтижеге лайықсыздар, – деді С. Истлеева.  

Байқау нәтижесінде 1 орынды Павлодар командасы алды, екінші орындарды Қызылорда мен Астана және үшінші орындарды Ақтөбе, Атырау, Алматы жастары бөлісті.  

Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл