Әлемді құтқаратын... қайырымдылық

Жаңалықтар
18.03.2017, 14:18
Бүгінгі күні Жамбыл өңірінде он екі мыңға жуық теміржолшылар еңбек көрігін қыздырып отырса, олардың жартысына жуығы жастар.   Ұлттық компанияның жастар саясаты бағытында жас теміржолшыларды қолдауда көп игілікті жұмыстар атқарып жатқаны белгілі. Біз әулиеаталық жас теміржолшылардың жетекшісі, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің аймақаралық өкілі, Тараз локомотив жөндеу депосының жұмысшысы, өткен жылдың қорытындысы бойынша «Жас слесарь - 2016» І дәрежелі дипломының иегері Бейімбет Улазбекке жолығып, өңірде жастардың қатысуымен атқарылған жұмыстардың жайын білген едік. – Темір жол саласы – күрделі сала. Сондықтан саланың бай тарихымен таныспайынша біз нағыз теміржолшы болып қалыптаспас едік. Осы мақсатта біз  аға буын өкілдерінің ақыл-кеңестерін жиі тыңдап,  жиі кездесіп, оларға бүгінгі күні салада болып жатқан тың жаңалықтарды жеткізіп, пікірлерін тыңдаймыз. Біздің басты ұстанымымыз: «Жас келсе – іске» деген қағида. Яғни, біз жастар қоғамды сәл де болса өзгертуге, өзіміздің іс-әрекетімізбен адамдар өмірін жеңілдетіп, қуаныш пен мейірім сыйлап, ізгілік нұрын себуге тырысуымыз керек деп ойлаймыз. Жыл сайын Астанада желтоқсан айында республикалық форум болады. Ол форумға аймақтағы барлық бөлімшелерден команда жасақтап барамыз. Өз басым соңғы үш жыл бойы үзбей қатысып келемін. Сол жастар құрылтайының да басты тақырыбы осы –қоғамға жақсылық жасау, әлемді құтқаратын тек қайырымдылық деген ұстаным. Біздің жастар облыс орталығындағы ақыл-ойы кем балаларға арналған интернатқа да жиі бас сұғады. Балалардың көңілін көтеріп, концерттік бағдарламамызды ұсынып, ойыншықтар сыйға тартып, бір қуантамыз. Әрине, бастама өзімізден болғандықтан, сыйлықты өз қаржымызға алып барамыз. Кейде кәсіподақтан және жол бөлімшесінің әкімшілігінен де көмек болып тұрады. Дегенмен, демеуші өзіміз. Алдағы наурыз мерекесінде үлкендерімізді сыйламақпыз. Өзіміздің ардагерлерден бөлек, облыс орталығындағы екі қарттар үйіне барып,  сондағы қарияларға жан жылуын сыйласақ дейміз. –  «Жігітті жолдасына қарап таны» деген. Әрдайым жаныңнан табылатын жолдастарыңды атап өтсең... – Жолдастарым, достарым өте көп және бәрі де болашағынан үміт күттіретін азаматтар. Шайқорық станциясы бастығының орынбасары Медет Ошақбаев, Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясының электрмонтерлері Айнұр Бейсенова, Мейірім Көшербаева, Қанат Тұрманов, Шөлдала станциясының бастығы Ердәулет Түкеев, Бурыл станциясының қабылдап-жөнелтушісі   Мұхтар Кирбаев, Шу электрмен жабдықтау дистанциясының электромонтері Елдар Ыбырайқұлов сынды жастармен қандай іске болсын бел шеше, сеніммен аттануға болады.

Ерман ӘБДИЕВ, Жамбыл

Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі