Техникалық қауіпсіздік жайын сараптады

Жаңалықтар
28.03.2017, 14:47
       Осы жылдың 13-17 наурызы аралығында IOSH еңбек және қауіпсіздік институты теміржол тобының төрағасы Кит Мори Астанада Қазақстан теміржолының нысандарын аралап, техникалық қауіпсіздік жағдайын саралады. Іс-сапарының қорытындысын шетелдік сарапшы ұлттық компанияның өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің директоры Ақболат Жағыпаров бастаған теміржолшыларға айтып, нысандар жұмысынан байқаған кемшіліктер мен көз жеткізген жетістіктер туралы ақпарат берді.          Еуропалық қайта құру және даму банкі мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы арасында 2010 жылдан бастап қол қойылған келісім шеңберінде аталған банк ұлттық компанияның бірнеше жобаларын қаржыландырады. Осы келісім аясында жүзеге асқан Кит Моридің келісі қазақстандық теміржолшылардың техникалық қауіпсіздік сақтаудағы жұмысын сырт көзбен бағалап, сол арқылы болашаққа бағам жасауға мүмкіндік берді. Бұл кездесудің ең басты мақсаты – өзара тәжірибе алмасу. Біз сұрыптау станциясы, локомотив және вагон депосын, шеберханаларды, жол бойларын, диспетчерлік, техникалық қызмет көрсетуді, жылжымалы құрамды, т.б. нысандарды аралап, қауіпсіздік ережелерінің барлық тармақтарының сақталуын қарап шықтық. Атап өтерлік жақсы жұмыстар жасалуда. Тазалықтың жоғары деңгейде екеніне, барлығы нұсқаулыққа сай жүзеге асатынына көз жеткіздік. Жұмыс персоналының жауапкершілігіне көңіліміз толды. Алайда кемшіліктер де бар. Мысалы, атап айтар болсам, сол ережелерді тым қатты ұстанатындықтарыңыз сондай, қызметкерлермен басшылардың еркін қарым-қатынасы жоқ, оларды техникалық қауіпсіздік бойынша жеткен жетістіктерін қолпаштау, ынталандыру жағын күшейту қажет. Және тағы бір айта кетерлігі, өндірісте қауіпсіздікке байланысты қорғаныш құралдарын, киімдерін толық пайдалануда басшылық бірінші болып үлгі көрсетуі керек. Бұл өте маңызды. Міне, осындай бірқатар ұсыныстар бар, – деді Кит Мори мырза.  Қазақстан теміржолындағы бес күн ішінде сарапшымен өткен жиындарда еңбек қызметі мен түрлі ауырлықтағы қиындықтар талқыланды, олардың сипаты, зерттеу тәсілдері, қабылданған түзету шаралары, қауіпсіздік деңгейін арттыруға кедергі келтіретін кемшіліктерді анықтау, бастапқы ұсыныстар айтылды. Ірілендірілген Астана жол дистанциясында жұмыс орындарындағы қауіпсіздік бойынша рәсімдер мен рөлін зерттеу үшін диспетчерлік қызмет, жылжымалы құрам, нысандар, қауіп белгілері мен арнайы белгі бергіштер қаралды. А. Жағыпаров теміржолшылар атынан шетелдік әріптеске өзара ынтымақтаса жасалған жұмыс нәтижесі үшін алғысын білдірді.

Ұлан ОРАЗ

Суретті түсірген Сергей ВОЛОШИН

Аймақтар
22.07.2026
Жас теміржолшылар Абай еліне рухани саяхат жасады
Әлемде
22.07.2026
Ауғанстанның Пәкістан арқылы өтетін транзиттік саудасы күрт қысқарды
Әлемде
22.07.2026
Өзбекстанда «Ташкент – Хиуа» бағыты бойынша қосымша жүрдек пойыз іске қосылады
Жолаушылар тасымалы
22.07.2026
Елімізде жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жалғасуда
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ қызметкерлеріне арналған барлық сервис енді бір платформада
Инфрақұрылым
21.07.2026
Ақтөбе облысында вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Спорт
21.07.2026
Теміржолшы Эльбрус шыңында ҚТЖ туын көтерді
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты
Қауіпсіздік
21.07.2026
Теміржол өткелдерінде профилактикалық рейдтер жалғасуда
Сұхбат
21.07.2026
Теміржол тарихындағы ең ірі жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда
Әлеумет
21.07.2026
ҚТЖ атынан хабарласатын телефон алаяқтары көбейді
Жаңалықтар
21.07.2026
Еліміздің вокзалдарында кедергісіз орта қалыптасуда
Цифрландыру
21.07.2026
Ақтөбе теміржолы цифрландырудың жаңа деңгейіне өтуде
Инфрақұрылым
21.07.2026
ҚТЖ жыл басынан бері темір жолдың 686 шақырымын жаңартты
Жаңалықтар / Мұрағат
21.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №55 21 шілде 2026 жыл
Аймақтар
20.07.2026
ҚТЖ компаниядағы мемлекеттік тілдің үлесін 92 пайызға жеткізуді көздеп отыр
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
№81/82 «Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады
Инфрақұрылым
20.07.2026
ҚТЖ Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысын жеделдетеді
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ISO халықаралық төрт стандарты бойынша сертификаттарға ие болды
Жаңалықтар
20.07.2026
Өзбекстан мен Қытай Қырғызстан арқылы өтетін теміржол құрылысын бірлесіп бақылайтын болды