Әсел ТАҢАТАРОВА, Маңғыстау
Стандартқа сәйкестендірілмек
Оқуға 1 мин
Мұнайлы ауданындағы бірқатар нысандарды аралап, олардың жұмыс барысымен танысқан Маңғыстау облысының жаңа әкімі Ералы Тоғжанов теміржол вокзалы ғимаратына қатысты тапсырма берді.
Аймақ басшысы Маңғыстау теміржолы бөлімшесі ғимаратына да арнайы бас сұғып, мұндағы сала жұмыс барысы, жалпы алдағы жоба-жоспарлар жайында әкімге Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі директорының орынбасары Ерлан Бүркітов баяндап берді. Түбек теміржолының жарқын болашағы, жаңа темір жолдар мен нысандар жайына қаныққан облыс басшысы ендігі жерде тоғыз жолдың торабына айналғалы отырған Маңғыстау теміржолының вокзал ғимаратын заманауи стандарттарға сәйкестендіруге тапсырма берді. Атап айтқанда 31 наурызға дейін вокзал ішіндегі барлық коммерциялық нысандар алынып тасталып, кіру және шығу есіктері кеңейтілетін болады.