Ұлыстың ұлы күні н тұңғыш рет барлық сән-салтанатымен қарсы алған  біздің ұжымның әрбір мүшесі далада қар жатса да көкңілеріне көктем ұя салғандай күй кешті. Облыс орталығы Өскемен шаҺарының дәл іргесінде орналасқан «Жаңа-Өскемен» станциясының қызметкерлері ауқымды түрде алғаш рет қолға алған мерекелік шара өте жоғары деңгейде өтіп, көпшілікке шын мәнінде мерекелік көңіл-күй сыйлады. Жаңа-Өскемен сатгнциясына келген жаңа басшы:  А. Сейсемқанов  пен оның орынбасары Д. Айтуганов және аға вагон қараушы С. Дюйсембинов сынды азаматтардың ерекше белсенді іс-әрекетінің арқасында  көпшілік тайлы-таяғына дейін  мерекенің қызығын қызықтап, ұлттық ойындарды тамашалап, әсем ән мен тәтті күй тыңдап, Наурыздың қасиеті мен ғажабын жан-тәндерімен түйсінгендей болды.  Бекет қызметкерлері Д. Бибазарованың пісірген Наурыз көжесінен, Ж.  Иманкулова мен  Е. Тюнинаның  пісірген бауырсағынан, А. Телгараевтың   әзірлеген палауынан дәм татқан көпшілік бір-біріне «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» деп тілек тілеп тарасты.

Айдар Мактиев, «Жаңа Өскемен» станциясының қызметкері