Қазақстан мен Әзербайжан: серіктестіктің жаңа сатысы
Жаңалықтар
04.04.2017, 15:15
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзербайжанға ресми сапары аясында екі елдің теміржол әкімшіліктері стратегиялық серіктестік жөнінде бірқатар маңызды келісімге қол жеткізді.
Кеше «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев пен «Әзербайжан темір жолдары» ЖАҚ төрағасы Джавид Гурбанов екі ел арасындағы логистика және теміржол көлігі машинасын жасау саласындағы стратегиялық серіктестікті дамыту туралы Келісімге қол қойды. Бұл арқылы тараптар Транскаспий халықаралық көлік дәлізімен жүк тасымалы көлемін арттыруға мүдделі. 2020 жылдары тасымалдау көлемін 300 мың ЖФЭ-ке жеткізу жоспарлануда. Келісім негізінде 2020 жылға дейін қазақстандық теміржол машиналарын жасау кәсіпорындарының 500 миллион АҚШ доллары көлеміндегі өнімін Әзербайжанға шығару жоспарланып отыр. Бірлескен шаралар көлік инфрақұрылымын дамыту арқылы Қазақстан мен Әзербайжан ғана емес, өңірдегі көршілес мемлекеттердің де транзиттік жүк ағынын дамытуға ықпал етпек.
Сонымен қатар, Баку сапары «KTZ Express Shipping» ЖШС мен «ACSC logistics» ААҚ арасында «Ferry Express Logistics» бірлескен кәсіпорнын құру жөніндегі Құрылтайшылық келісімі жасалуымен де құнды болып отыр. Маңызды құжатқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев пен «Әзербайжан Каспий теңіз кеме қатынасы» ЖАҚ төрағасы Рауф Велиев қол қойды.
«Ferry Express Logistics» бірлескен кәсіпорнын құру – екі ел арасындағы көлік және логистикалық қатынасты дамыту және Транскаспий халықаралық көлік дәлізі бағдарының әлеуетін арттыруды көздейді. Алдағы уақытта Құрық (Ақтау) – Алят (Баку) – Құрық (Ақтау) бағдарында теңіз арқылы паром жүргізу және құрғақ жүк тасымалын атқарудың коммерциялық операторы құрылады деп жоспарлануда. Бірлескен қызметтер Қазақстан мен Әзербайжанның және көршілес елдердің қатысуымен транзиттік жүктерді тасымалдауды арттыруға бағытталады.
Сондай-ақ, ҚТЖ басшысының 1 сәуірде Бакудегі «Транскаспий халықаралық көлік бағдары» халықаралық қауымдастығының отырысына қатысу барысында бірқатар теміржол әкімшіліктерінің басшыларымен жемісті кездесулер өткізгенін де айта кеткен жөн. Кездесулер барысында ТКХКБ қатысушыларының осы бағдарды дамыту мен бәсекелестікке төтеп беруін қамтамасыз ету жайындағы өзара іс әрекеттерін талқылады. Қазақстан, Әзербайжан, Грузия теміржол әкімшіліктерінің басшылары 2017 жылы да бұрынғы жасалып келген тариф жеңілдігін қолдануды жалғастыруға уағдаласты.
ҚТЖ жетекшісінің пікірінше, Қазақстан мен Әзербайжанның көлік-транзиттік саласын бірлесіп дамытуы осы елдер аумағына ғана емес, осы бағдарға қатысушы өңірдегі елдердің де транзиттік жүк ағындарының еселеп өсе түсуіне мүмкіндік әпереді. Әзербайжандық серіктестермен бірлесіп қызмет көрсету нәтижесінде Баку порты мен Қазақстан порттарында жүк ағыны арта түсуде. Осы орайда, Қазақстан тарабы Каспий инфрақұрылымын дамыту мен мультимодальдық тасымалдауды жеделдетуге баса назар аударуда.
Соңғы жылдары екі елдің теміржол саласы табысты дамып келе жатқанын атап өтуге болады. Әзербайжанға қазақстандық өндірістен шыққан 10 тепловоз жеткізіліп, қазақстандық бағыттауыш бұрмалар жеткізуге келісім жасалса, 2020 жылға қарай қазақстанда жасалған теміржол машиналарын Әзербайжанға экспорттау әлеуетін 400 миллион долларға жеткізілмек.
Даниал ХАМИТ
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі