Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Өндірісте - жас мамандар
Оқуға 2 мин
Қызылордадағы «Жолаушылар вагондарын жөндеу-1» депосында жастар үлесі баршылық. жұмыс орнында «Теміржол» партия филиалының қызметкерлері депоның өндіріс алаңдарын аралап, жас мамандар жағдайымен танысты.
Өендіріс орындарын аралап, тележкаларды жөндеу цехынан бастап вагон құрастыру, доңғалақ ролик жөндеу, электр қондырғыларын жөндеу, ағаш өңдеу цехтарын аралап, онда жұмыс істеп жатқан жас мамандармен әңгімелесіп, олардың әлеуметтік және еңбек жағдайларына байланысты ой-пікірлерін тыңдаған партиялықтар жас жұмысшыларға жасалып отырған жағдайға қанағаттанып, кездескен кем-кетіктерді жою жолдарын іздестірді.
Вагон жөндеушілер депосында жас мамандардың барлығына дерлік жақсы жағдай жасалған дейге болады. Әрбір жас маманға тәжірибелі жұмыскерлер бекітілген және оларға 5 пайыз үстеме ақы тағайындалғаны айтылды. Мекемедегі 400 қызметкердің 25 пайызы жастар екен. Әрбір теміржолшы арнайы киімімен, жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталған. Цехтарда тұрмыс бөлмелері жұмыс жасайды, онда жуынатын арнайы орындар әзірленген. Одан бөлек мекеме ішінде жұмыстан кейін арнайы жуынатын үлкен монша жұмыс істейді, киім ауыстыратын жеке киім ілгіштер бар. Депо жұмысшыларын үшін мекемедегі асханадан күніне 300 теңгелік түскі ас ішу жеңілдіктері де қарастырылған.
Партия тарпынан еліміздің өркендеуі жолында алға қойған барлық мақсаттарға жету үшін сапалы білім, халыққа қалтқысыз қызмет ету, Отан сүйгіштікті әр бір қоғам мүшесінің басты парызы саналады. Сондықтан жастар өз тарапынан Қазақстанның жарқын болашағына сеніп елге қызмет етуге дайын екендігін білдірді.