ҚТЖ-да «Никотинге – витамин» акциясы өтті

Жаңалықтар
03.03.2023, 09:51
Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

1 наурыз күні «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да «Никотинге – витамин» акциясы өтіп, оған теміржолшылар белсенді қатысты. Темекілерін әкеп тапсырған теміржол саласының қызметкерлеріне хош иісі бұрқыраған қып-қызыл алмалар таратылды. Аталған акция биыл бесінші рет өтіп отыр, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Акцияға қатысушылар алдында сөз сөйлеген «ҚТЖ» ҰК» АҚ аппарат жетекшісі Серік Кеулімжаев пен Орталық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Асқар Сәрсембеков Компания қызметкерлерін шылымнан бас тартып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырды.  

– «Никотинге – витамин» акциясының түпкі мақсаты, сіздерді салауатты өмір салтын ұстануға, бұл қағиданы балаларыңызға да насихаттауға бағытталып отыр. Денсаулық – зор байлық. Сондықтан денсаулықты күтіп, спортты серік еткен жөн. ҚТЖ – салауатты өмір салтын, ауызбіршілікті ұстанатын компания. Солай болып қала бермек. Баршаңызға мықты денсаулық, жемісті еңбек тілеймін, спортты серік етуге шақырамын, – деді Серік Кеулімжаев.  

Өз кезегінде Асқар Боранқұлұлы да пайдасынан зияны көп темекінің тек жаман әдет екенін, ерік-жігері бар адамдар үшін одан арылудың түк те қиыны жоқ екенін жеткізді.  

Бұдан кейін акцияға қатысушылар Әлеуметтік саясат департаменті қызметкерлерінің қолдауымен ырғақты әуен жетегінде жаттығу жасап, өн-бойларын бір сілкіп алды. Жалпы мұндай игілікті шараның көңіл-күйді көтеріп, денсаулық туралы бір сәт ойлануға мұрсат беретіні сөзсіз деп өзара пікір бөлісті акцияға қатысушылар.

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға