Басты талап – сапаға көңіл бөлу

Жаңалықтар
04.04.2017, 16:26
Ерлермен қатар әйелдердің де теміржолдың барлық саласынан табылуы таңсық емес. Солардың бірі – Семей станциясының қойма меңгерушісі Альмира Базарғазина.   Семей және Жаңасемей станцияларын керек-жарақпен қамтамасыз етіп отырған Альмира Советбекқызы теміржолшыларға не керегін бес саусақтай біледі. Сондықтан өз тірлігіне мығым, батыл. Станция жұмысшылары бір орталықтан арнаулы киімдермен жабдықталады. Биылғы қыс теміржолшылардың  барлығы қысқы киіммен, аяқ киім, қолғаппен толық жабдықталып, қыстан қысылмай шығуы Альмираның да еңбегі. Міне, енді көктем келісімен алда жаздық киімдерді сәуір айының 15 жұлдызына дейін таратып беру міндеті тұр. Осыдан бірнеше жыл бұрын киімдердің сапасының сын көтермейтіндігі шу болғаны есімізде. Қойма меңгерушісі Альмира осы мәселеге қатысты пікірін білдірді. –Иә, екі-үш жыл бұрын киім сапасына айтылар сын-ескертпелердің көп болғаны соншалық, жабдықтау жұмыстың басы-қасында болып, тікелей жұмысшылармен араласып жүргендіктен, олардың киім сапасына айтатын шағымдарын тыңдай-тыңдай құлақ жауыр болған. Қолдан келгенше жағдайды түзеуге тырысып, сапасыз киімдерді өндірушілерге кайтарып жіберіп, басшылар алдында да талай рет дәлелдеуге тура келді. Міне, көш жүре түзеледі демекші, жағдай бірте-бірте дұрысталып, алғашқы жылдағы кемшіліктер жойылды, бүгінде сапасыз киім-кешек алмаймыз, былтырғы, биылғы жылдарғы жылы киімдердің сапасы бұрынғыдан әлдеқайда жақсарғанын жұмысшылардың өздері де айтады. Бізде басты талап – сапаға көңіл бөлуді жолға қойдық, – дейді қоймашы келіншек. Альмира, сонымен қатар сегіз қырлы, бір сырлы өнерлі жан. Әнді тамылжыта салып, баянда, домбырада шебер ойнайды. Станцияның барлық мерекелік шараларына белсене араласады. Бөлімше бойынша өткізілетін спорттық шаралардың ортасынан табылады. Үйінің ішін гүл бағына айналдырған бағбандығының өзі бір төбе. Ол ол ма, бос уақытында тоқыма тоқу, тігін тігу, тамақ пісіруді ұнатады. 22 наурызда міндетті түрде наурыз көже пісіріп, үй ішімен қоса жұмыстағы әріптестерін де тілі дәм үйіретін көжеге тойдыруы әдетке айналған. Альмираның үлкен қызы Меруерт тұрмыста, мамандығы мұғалім, кіші қызы Мөлдір вокзалда билет кассирі.

Ерлан Ғазез, Семей

Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі